ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ЕРТІСТЕ ЕГІН ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

11:45, 30 шілде 2020

Биыл астықты алқап Ертіс ауданында егін бітік. Диқаншылар күзгі өнімді молынан аламыз деп үміттенеді. Астық өнімділігі өткен жылғыдан жаман болмауы ықтимал.

Өткен жыл Ертіс ауданы үшін – ауызтолтырарлықтай нәтижелі болды.  Астықты өңірдің көрсеткіші гектарынан 11,8 центнерді құрады. Бұл, құнарлы аймақ үшін бұрынғы жылдармен салыстырғанда төмен көрсеткіш болғанымен, республика бойынша жақсы нәтиже. Ал, биылғы жылы астықты аймақ саналатын бұл өңір науқаннан мол өнім күтуде. Оның бірнеше себебі бар. Бастысы – тұқымның сапасы.

Еркін Ескендіров, Ертіс аудандық ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

Қазір дәнді-дақылдар вегетациялық кезеңнен өтуде. Астық өнімділігін шамамен тамыз айының ортасында нақты біле аламыз. Бірақ биылғы жылдағы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда жаман емес деп ойлаймыз.

Астық жайқалып, бітік шыққан. Шаруалар мұны ерекше жұмыс жүйесімен түсіндіреді. Биылғы науқанға мыңға жуық техника жұмылдырылмақ. Оның басым бөлігі жаңа.

Аяулым Рахымжанова, тілші:

Сондай-ақ, дәл қазір жерді құнарлату жұмыстары жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, бір жыл демалатын жер, міндетті түрде бес жыл мол өнім береді. Сондықтан келесі жылы мұнда бидай отырғызу жоспарланып отыр.

Карантин ауыл шаруашылық жұмыстарына еш кедергі келтірмеді. Жұмыстар жылдағыдай уақытылы жүргізіліпті. Күзгі егін жинау науқанына ауданнан 4272 тонна жанар-жағармай бөлінген.

Әлібек Оразбаев, агроном:

Биыл құрғақшылық үлкен мәселе болды. Өйткені сәуір айында 32-36 градус ыстық болды. Бұл біздің аудан үшін аномальды ауа райы. Бірақ ылғалдылықты уақытылы жаптық. Сондықтан өнім жақсы болады деп ойлаймыз.

Биылғы жылы егіс алқаптарының көлемі 267 мың гектар жерді алып жатыр. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда, 19 мың гектарға артық. Ертіс ауданында ауыл шаруашылық дақылдарын өсіп-өндіретін 289 шаруа қожалық бар.

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
20:30, 9 тамыз 2020
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...