ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ЕРТІСКЕ ДӘРІ ҚҰЙЫЛАДЫ

11:22, 21 мамыр 2020

Қансорғыштардың дернәсілдерін улау жұмыстары енді Ертіс өзенінде жалғасады. Ертеңнен бастап өзенге биологиялық сұйықтық құйылады. Ол үшін арнайы сал әзірленіп жатыр.

Қазіргі уақытта қансорғыштармен күрес жұмыстарына ерітінді араластырып, дайындалуда. Ол үшін 5 600 келі құрғақ ұнтақ пен 18 900 литр сұйықтық қолданылады. Бір баржадағы улауыш 19 текше метрді аумаққа есептелген. Жаңа дайындалған ерітінді шіркейлерге қарсы жұмыстың тиімділігін арттырады дейді мамандар.  

Бауыржан Жанақов, мердігер компанияның директоры:

Біз ерітінді жасауға таңғы сағат 6-дан бастап кірісеміз. Биологиялық заттың сипаттамасы бойынша, улағыш затты 3 тәулік бұрын дайындау керек. Бірақ, біз бір тәулік бұрын сұйықтықты араластырып, осы баржада дайындап қоямыз. Сұйық дәрі ертең сағат 10-да өзенге құйылады.

Ұнтақты араластыру үшін өзен суы пайдаланылады. Дайындалған биологиялық сұйықтық Ертіс өзені бойындағы бірнеше нүктеде құйылады. Ғылыми топ мамандарының айтуынша, үздіксіз құюдың нәтижесінде, шыбын-шіркейге қарсы тор құрылады. Ол өз кезегінде, қансорғыштардың дәрнәсіліне қарсы әсер етеді.

Ермек Ғабдуллин, ғылыми топтың жетекшісі:

Біз шіркейлердің жиналған шегін, яғни дәрнәсілдердің бір жерде көп топтасқан уақытын күтіп жүрміз. Қазіргі көрсеткіштер бойынша, судың бір шаршы дециметріне 850-ден 1300-ге дейінгі дәрнәсілден келеді. Ертіс өзені бойынша бірнеше нүкте таңдалып алынып, биологиялық улағыш  зат құйылады.

Ғылыми топтың зерттеуі бойынша, Ертіс өңірінде Біздің өңірде масаның 26, ал шіркейдің 5 түрі бар екен. Ал қансорғыштардың ішіндегі ең жабысқағы көлемі жағынан үлкен шіркей.


Әйгерім БОЗАНБАЕВА
 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...