ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

«ERTIS PROMENADE» МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

19:40, 3 маусым 2019

Өткен жылы Ертіс-Баян өңірінде керемет жоба дүниеге келген. Орталық жағажайдағы «ERTIS PROMENADE» сахнасы кезекті маусымын ашты. Жаз бойы қазақстандық және шетелдік өнер жұлдыздары жағажайдағы сахнада ән салатын болады.

«Ertis Promenade»  маусымашарының алғашқы концертіне Ертіс-Баян өңірінен шыққан эстрада жұлдыздары Меруерт Түсіпбаева, Ринат Малцагов және Роза Мұқатаева әннен шашу шашты.

Ринат Малцагов, отандық әнші:

Баршаларыңызды шын жүректен осындай шарамен, осындай мерекемен құттықтаймын. Біз үшін міндетті түрде әрдайым туған елге келіп, өнер көрсету бұл- үлкен нәтиже деп айтуға болады. Міндетті түрде әрдайым менің сүйікті жерлестерім,яғни Павлодарлықтар керемет қарсы алады.

«Ertis Promenade»  сахнасы биыл жөндеуден өткен. 8000 көрерменді қамти алады. Жоба қала қонақтары мен тұрғындары үшін керемет тарту болды, дейді ұйымдастырушылар.

Риза аАпбергенова, «Шаңырақ» ХШО директоры:

Мына «ERTIS PROMENADE»  сахнасында өздеріңіз көріп отырғандай, жылда-жылда әртүрлі әртістер келіп, өздерінің өнерлерін көрсетеді. Бұл біздің қала тұрғындарына өте қызықты. Өте тамаша жоба болды деп ойлаймын.

Сонымен қатар, қала тұрғындары өздері қалайтын сүйікті әншілерінің өнер көрсетуін сұрап, мәдениет басқармасының әлеуметтік желілердегі парақшасына өтініш білдіре алады.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ЕРТІС-БАЯН ӨҢІРІНІҢ ЖҮЗ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫ
12:13, 12 желтоқсан 2019
ЕРТІС-БАЯН ӨҢІРІНІҢ ЖҮЗ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...