ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРДАҒЫ САРЫАРҚА МӨЛТЕК АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ Толығырақ

ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

11:02, 19 маусым 2018

Өңірде ресми түрде 14 жағажай ашылды. Қуантарлығы, осы айдың төртінен ашылған шомылу маусымда суға кеткендер жоқ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Серік Шериязданов мәлімдеді.

Жалпы биыл 32 жағажай ашу көзделген. Алғашқы болып 4 маусым күні Екібастұздағы Солнечное кентінде ашылған. 7-маусымда Павлодар қаласында және маусымның 5-і мен 16-сы аралығында Баянауыл ауданындағы 10 жағажай кезең-кезеңмен жұмысын бастады. Спикердің айтуынша, жағажайдың ашылуына айналасының шомылуға сай жарақтануы тиіс. Ал судың температурасы +20 градус болуы шарт. Көп кезекте осы талаптар орындалмайды. Сондықтан былтыр жоспарланған 31су айдынының 24-і ғана жұмыс істеген.  Өткен жылдың шомылу маусымында 19 адам суға кетсе, олардың 6-ы бала. Биылғы жылы өңірдің жағажайларында 95 құтқарушы жұмыс істейтін болады.  Олар жіті дайындықтан өткен.

СЕРІК ШЕРИЯЗДАНОВ, облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары

Біз 145 құтқарушыны сұраған едік. Бірақ бүгінгі күні 95-і бөлініп отыр. Олардың 53-і оқытудан өткен. 28-і әлі оқытылады деп жоспарланған. Бірінші кезекте жылдам жүзуі керек. Атап айтсақ, 48 секундта 50 метр. Бұдан бөлек, дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсету, зардап шеккенді дұрыс тасымалдау үйретіледі.

 

Салтанат НЫСАНБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖОСПАРЫ АЯСЫНДА КЕНЖЕКӨЛ АУЫЛЫНДА  ЖАҢА ДҮКЕН АШЫЛДЫ
02:16, 15 желтоқсан 2018
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДА...
Толығырақ...
ЕРТІС АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР ҚАТАРЫ ЖАҢА ЕСІМДЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ
01:46, 15 желтоқсан 2018
ЕРТІС АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР ҚАТАРЫ ЖАҢА ЕСІМДЕРМЕН ТО...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
18:15, 11 желтоқсан 2018
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАССЕЙН АШЫЛДЫ
12:29, 13 желтоқсан 2018
ПАВЛОДАРДА ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАССЕЙН АШЫЛДЫ
Толығырақ...