ШҰҒЫЛ! ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ЖАЙЛЫ Толығырақ

ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ЖАЙЛЫ

19:47, 5 қазан 2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті жолдауын Ертіс өңірінің жұртшылығы ерекше ықыласпен қабылдады. Стратегиялық құжаттағы басты міндеттерді онлайн естіп-білу үшін жергілікті атқарушы билік басшылығы, халық қалаулылары, зиялы қауым өкілдері және жастар ұйымдарының бір топ көшбасшылары бүгін Достық Үйінде жиналды. Халықтың мұң-мұқтажы ескерілген Жолдауды тыңдап, қолдау білдірушілердің барлығы дерлік алдағы уақытта орын алатын тың өзгерістерге қатысты жаңалықтарды қуана қабылдауда.

Жолдаудың кіріспесінен-ақ әлеуметтік мәселелерге елеулі маңыз берілгені белгілі болды. Ең төменгі жалақы бір жарым есеге өседі. Халық табысын арттыру мақсатында алдағы екі жылда 96 миллиард теңге бөлінбек. Бұл – мемлекеттің ауқымды қолдауының бір парасы ғана.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚР Президенті

Өзекті өзгерістердің бірі медицина саласына қатысты. Елбасы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді тапсырды. Бұл мақсаттарға келесі жылы 5 миллиард теңге бөлінеді. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев осыған дейін жасалған кардиологиялық және нейрохирургиялық кластерлердің тәжірибесін пайдаланып, 2019 жылы Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысын бастау керектігін айтты. Елбасы қозғаған бұл мәселені – атқамінерлерге жүктелген нақты тапсырма деп қабылдауға болады. Ал оның орындалуы  - халықтың денсаулығы үшін аса маңызды дейді саланың білікті маманы.

АЙМАН ОСПАНОВА, облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері

Президенттің онкологиялық аурулар мәселесіне қатысты сөздері мені ерекше күйге бөледі. Астанадағы онкологиялық орталықтың салынуы  - өте жақсы бастама. Елбасының Жолдауға дейін қажетті жабдық туралы анықтап білгенінің өзі – мысалға алынған жабдықтардың нақты болатынын дәлелдесе керек. Бұл – азаматтарымыздың ауыр дерттің алдын алып, ұзақ өмір сүруіне, денсаулықтарының мықты болуына жасалатын керемет жағдай.

САМАЛ АЙТҚАЗИНА, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты

Барлық осы учаскелік медбибілер. Бұл да болса, әлеуметтік сала. Олардың еңбекақысы өсетініне байланысты біз өте көңіліміз толды деп айтамыз. Себебі, бүгінгі негізгі құрап жатқан әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері бүгінгі қоғамның негізгі күретамыры деп білеміз.

Жалпы, биылғы кезекті Жолдау бұрынғыларынан біршама өзгерек болды. Президент стратегиялық құжаттың мәнін ашып қоймай, бірқатар мәселені ашық талқылады. Тіпті, қарсы алдындағы атқамінерлерді кезегімен тұрғызып,  мардымсыз жұмыс көрсеткен біршама белгілі тұлғаларды бір сілкіп алды. Қазір ақсап тұрған салалардың бірі  - өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес салалар. Бұл бағытты жүйелеуге 3 жылда қосымша 500 миллиард теңге бөлінбек. Елбасы өзге емес, өзімізге үлгі болып, отандық өндірушілер жасаған киімдерді киеді. Бұл әдеттің маңыздылығын мысалдап та, нарықтық жағдайды салмақтап та жеткізді ол. Мәселенің байыбына барғандар, идеяны қос қолдап қолдауда. 

ҚОБЫЛАНБЕК ҚОЖИН, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты

Қайта өңдіру болсын, шикізатсыз секторлар болсын, халқымызға керекті. Үстімізде киіп жүрген киімдеріміз болсын, обрабатывающий секторға жатады. Бүгінгі күнде костюм болсын, басқа да киімдерді тігіп жатқан кәсіпкерлеріміздің жұмыстары жаман емес. Өте сапалы жақсы тігіп отыр. Солардың бәрін өзіміз дәрежесін көтеріп, өзіміздікін өзіміз киіп, осы жағынан кішкене жұмыс істеу керекпіз.

Өз кәсіпкерлерімізді қолдауды Президент тағы да, кезекті рет өзінен бастады. Жолдауға сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жұмысы жүрмей, өсім мен айыппұлдан көз ашпаған бизнесмендерге салықтың негізгі сомасын төлеу ғана міндеттелмек.

 

Рымбек ҚАБИДЕН

 

Тақырып бойынша материалдар

ДӘУРЕН АБАЕВ: ШЕРХАН МҰРТАЗА ІЗЕТТІЛІК ПЕН ЗИЯЛЫЛЫҚТЫҢ ҮЛГІСІНЕ АЙНАЛҒАН ТҰЛҒА
18:45, 11 қазан 2018
ДӘУРЕН АБАЕВ: ШЕРХАН МҰРТАЗА ІЗЕТТІЛІК ПЕН ЗИЯЛЫЛЫҚТЫҢ ҮЛГІС...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАРБАҚТЫДА ДІНИ ҚАЙРАТКЕР ҒАБДУЛ-УАХИТ ТІЛЕНШІҰЛЫНЫҢ 165 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТІЛДІ
19:57, 9 қазан 2018
ШАРБАҚТЫДА ДІНИ ҚАЙРАТКЕР ҒАБДУЛ-УАХИТ ТІЛЕНШІҰЛЫНЫҢ 165 ЖЫЛ...
Толығырақ...