ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ЕРТІС КЕЛБЕТІ: ДАНИЯЛ ӘСЕНОВ

17:43, 22 қараша 2020

Абай Құнанбаев десек көз алдымызға Мұхтар Әуезовтан кейін белгілі жыршы, абайтанушы Даниял Әсенов елестейді. Қазіргі заманның жыршысы жас буынға Абай шығармашылығын насихаттап келеді. Тек қана Абай емес, Шәкәрім, Мағжан жайлы жырлаудан жалықпайды.

Даниял Әсенов тәуелсіздік алғалы бері Абай шығармашылығын зерттеп келеді. Оның бір екі жылдың ішінде меңгеру мүмкін емес. Менің өзім 30 жыл оқысам да әлі білмейтін тұстарым көп,-дейді кейіпкеріміз. Әрине, Әсеновтың әсерлі әңгімесі көптің көңіліне ой салары сөзсіз.

Даниял Әсенов, Абайтанушы, жыршы:

Мен айтып отырмын ғой 30 жыл насихаттап жүрмін абайды. Сонда өзің сияқты кісілер талай кездесіп жүрмін ғой, сонда айтады: Апырым-ай, біз де Абайды көп оқып жүрдік қой, бірақ сізден естігеннен кейін Абайды түсіне бастадық,-дейді. Сонда жаңмсғы нақышына келтіріп, айту деген, ол бір өнер, ол керек нәрсе. Балаға түсіндіргенде солай түсіндіру керек.

Ертістің келбетіне айналған Даниял ата Семей қаласында орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алған. Бірақ, ол кезде Абайды оқушыларға тек ағартушы ретінде ғана таныстыратын,-деп еске алды. Бірақ, қазіргі бейбіт заманда осы бір ғана ғұламаның шығармалары арқылы бүтін бір ұрпақты тәрбиелеуге болады деп есептейді. Өңірдегі Рухани жаңғыру бағдарламасының дамуына ерекше үлес қосып жүркен кейіпкеріміз 2018 жылы «Абай ауылға келді» деген жобаны қолған алған. Яғни аймақтағы 50 ауылды аралап, Абай рөлін сомдады.

Даниял Әсенов, Абайтанушы, жыршы:

50 ауылды аралап, Абай ауылға келді деп, аудан-ауданды аралап шықтым. 2018 жылы. Ал, мына 2019 жыл келді. Онда тағы мына облыстық акимат қолдау қылып, айтты. Міне, Президентіміздің қазір жарлығы шықты, 2020 жылы Абайдың 175 жылдығын тойлаймыз деп. Бірақ, мектеп үшін оқу жылы қалай басталады. Ол құаңтардан басталмайды, қыркүйектен басталады. Демек Абайдың мерей тойы 2019 жылы қыркүйектен басталды.

Айта кетейік, кейіпкеріміз Абай әлемінен бөлек, Шәкәрім шығармаларымен де жақын таныс. Сонымен қатар, Мағжанның маржан жырларын жетік меңгерген. Түрлі гаджеттердің дамыған заманында әдебиетті алға тарту  бірінің қолынан келетін өнер емес. Сондықтан Даниял Әсеновты Ертістің айқын келбеті десек артық болмас.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар