ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ЕRTIS KELBETI: АРМАН РАХМЕТОВ

19:11, 13 қаңтар 2021

Өңірімізде өз саласында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып жүргендер аз емес. Солардың бірі 2020 жылдың үздік инспекторы Арман Рахметов. Ол қазіргі таңда Ақсу қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы болып қызмет атқарады. Кезіндегі бала арманы адастырмай алысқа жетелепті. Толығырақ Ертіс келбеті айдарында. Арман Рахметов Успен ауданында дүниеге келген. 2010 жылы Ақтөбе қаласындағы ЖОО-на оқуға түседі. Кейін қолына дипломын алған соң Ертіс-Баян өңіріне қайтіп оралған. Айта кету керек, Арманның әкесі де құқық қорғау саласында еңбек еткен.

Арман Рахметов, Ақсу қалалық ЖПҚ полиция бөлімінің бастығы:

Мектептен кейін Ақтөбе қаласындағы полицей мектебіне оқуға түстім. Ол жерде 2014-ші жылға дейін білім алып, туған қалама оралдым. Содан бері еңбек етіп жатырмын. Міне 6 жылдан асып кетті.

Арман Маратұлы бұған дейін Павлодар қаласында учаскелік полицей қызметінде болған. Жоғарыда айтылған «2020 жылдың үздік инспекторы» дәрежесіне осы жерде қол жеткізген. Жеткен жетістігі үшін облыстық Полиция департаменті бастығының үкімімен Ақсу қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына тағайындалыпты.

Арман Рахметов, Ақсу қалалық ЖПҚ полиция бөлімінің бастығы:

Бұл басшылықтың шешім шығаруымен орын алды. Әкімшілік бөлімшеде адал қызмет атқарғаным үшін десем де болады. Себебі, Ел Президенті өз сөзінде «Полиция халыққа жақын болу керек» деген болатын. Осы саладағы менің қызметімен қарапайым халық та баға берді. Учаскелік полицей болу оңай емес. Себебі, әр тұрғын әртүрлі шағыммен келеді. Соның бәріне төзе білдім деп ойлаймын.

Жұмысына жауапты, бойында басқарушылық қабілеті бар, жігерлі жігіт,-дейді әріптестері. Арман Рахметов жаңа қызметінде де жақсы жағынан көрініп үлгерген. Тіпті көрсеткіштер де жаман емес. Атап айтсақ, Ақсу қаласы бойынша ұрлық саны 26 пайызға азайған. Бұзақылықтар 100 %, қоғамдық орындардағы қылмыстар саны 18 %-ға төмендеген.

Айдын Жүнісов, Ақсу қаласы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары:

Жалпы ману Арман Маратовичтің біраз уақыт жұмыс жасағанына қарамастан үлкен үлкен нелер өткізілді. Сайлау өткіздік. Өте көп үлес қосты. Күні-түні жұмыста болды. Осындай кездерде жұмысына беріліп, ынтасын көрсеткенін біраз бағалауға болады.

Қазіргі таңда Арманның қол астында бірнеше бөлім қызмет етеді. Бұл тізімге учаскелік полицейлері мен жол патрульдік полицейлері де кіреді. Сонымен қатар, айта кетейік, күні кеше ғана Ақсу қаласы полиция бөлімінің бастығының атына Павлодар қаласының тұрғынынан алғыс хат келіп түскен. Түн ішінде көліктері сынып қалған жерінен Арман Рахметов қол ұшын созыпты. Ертістің жарқын келбеті осындай болса керек.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

БҮГІН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІ
20:24, 15 қаңтар 2021
БҮГІН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІ
Толығырақ...
ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР: СОЦИАЛ ӘЙТЕНОВ – 75 ЖАС
20:19, 15 қаңтар 2021
ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР: СОЦИАЛ ӘЙТЕНОВ – 75 ЖАС
Толығырақ...
ТҰРҒЫНДАР: КӘРІЗ ҚҰДЫҚТАРЫ ЛАС СУҒА ТОЛЫ
20:16, 15 қаңтар 2021
ТҰРҒЫНДАР: КӘРІЗ ҚҰДЫҚТАРЫ ЛАС СУҒА ТОЛЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЫСТЫҚ СУ ТОЛЫ ШҰҢҚЫРҒА ҚҰЛАҒАН ӘЙЕЛДІҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
19:32, 11 қаңтар 2021
ЫСТЫҚ СУ ТОЛЫ ШҰҢҚЫРҒА ҚҰЛАҒАН ӘЙЕЛДІҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
Толығырақ...