ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ERTIS KELBETI

19:56, 25 маусым 2020

Шерхан Мұртазаның тілімен айтқанда «жегені - жантақ, арқалағаны – алтын» журналистердің кәсіби мерекесі жақындап қалды. Олар халықтың тіршілігінен, әлеуметтік әл-ауқатынан, руханияты мен қоғам тынысынан хабар тарататын қалам иелері. «Ертіс келбеті» айдарының бүгінгі кейіпкері радиожурналист - Раушан Сыбанжанова.

Оның дауысын өңірдегі радио тыңдарман қауым жақсы біледі. Жаңалықтар топтамасы, түрлі бағдарламалар болсын оның 10 жылдан аса уақыт жинаған қызметіндегі бар байлығы. Радиожурналист, кейіпкеріміз Раушан Сыбанжанова Семей өңірінің тумасы. Еңбек жолын музыка мектебінде мұғалім болып бастады. 2007 жылдан бастап  бүгінгі күнге дейін қара шаңыраққа айналған облыстық, қазіргі Халық радиосында еңбек етіп келеді.   

Раушан Сыбанжанова, «HALYQ RADIOSY» бас редакторының міндетін атқарушы:

Біздің енді халық радиосы 2015 жылдан бері осылай аталып келеді. Өңірдегі көнеден келе жатқан байырғы БАҚ. 80 жастан асқан тарихы бар. Соның 14 жылға уақытында радионың бір бөлшегіне айналыппын. Жалпы журналистикада теле, радио, газет баспасөз бәрінің мақсат мүддесі бір.

Журналистика үлкен сан қырлы сала болғанымен, оның бағыттары түрлі. Ақпараттандыру, әлеуметтік желінің дамыған заманында бұл сала өзгере түсті. Өзгермегені, мақсат бір - халыққа уақытылы ақпарат тарату. 

Раушан Сыбанжанова, «HALYQ RADIOSY» бас редакторының міндетін атқарушы:

Жалпы бұл микрофон ең бір біздегі сезгіш, нәзік жанды дүние деп айтсақ та болады. Өйткен ол біздің көңіл күйімізді де қағып алып отырады. Дауыс ырғағындағы кемшіліктерді де. Онымен жұмыс істеуге біршама уақыт, тәжірибе керек қазір әбден түсінеміз.

Раушан Сейітқанқызы өз ісін жақсы білетін нағыз журналист. Жұмысына жауапты. Осының арқасында талай мәрте бұқаралық ақпарат құралдары мамандарына ұсынатын гранттарға, марапаттарға ие болды. Өз кезегінде ол өңірдегі журналистика мектебін ең мықты деп санайды.

Раушан Сыбанжанова, «HALYQ RADIOSY» бас редакторының міндетін атқарушы:

Бұл радиода осы 80 жылдан астам уақытта жүздеген адамдар өз өмірін радиомен байланыстырды. Есентай Ерботин ағамыз бір кездерде қызмет еткен. Дикторлықта болды Шолпан Байғабылова деген апамыз, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. Енді талай адамдар  қызмет етті. Тіпті өмірін осы радиоға арнаған адамдар бар.

Самал Қалиқызы, тілші:

Журналист топтың адамы емес, көптің адамы. Билік мен бұқара арасындағы алтын көпір. Төртінші билік өкілдерін келіп жеткен кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз. Қаламдарыңыз қарымды болсын!

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар