Ертіс ауданы екі жылдан кейін қандай болмақ?

18:35, 12 қыркүйек 2017

Шағын және орта шаруа қожалықтарына кооперативтерге бірігу қаншалықты тиімді? Осы және өзге де мәселелер облыс әкімінің Ертіс ауданына жұмыс сапары барысында белгілі болды.

Бұл егістіктер Ұзынсу ауылының маңатында орналасқан. «Полесье» белорустық 5 комбайны жергілікті фермерлердің көзін қуантуда. Аталған машиналар иелігінде 200ден 1000 гектарға дейінгі жері бар 13 шағын және орта шаруа қожалықты біріктірген «Ертіс-2017» МТС» ауылшаруашылығы тұтынушылары кооперативінің меншігінде. Жалпы егістік алқабы 4700 гектарды құрайды. Бүгінге дейін оның 30 %-інен дәнді дақылдар жиналған. Астықтың орташа өнімділігі – бір гектардан 10 центнерді құрап отыр.

ЖЕҢІС ҚАНАПИЯНОВ, «Ертiс-2017» МТС» АТК төрағасы (Ертіс ауданы)

Полесье комбайндарының әрқайсысы 46,5 миллион теңгеден сатып алынған. Осыған дейін Жеңіс Қанапиянов ескі 4 Нивасымен күніне 20 гектардан өнім жинаған болатын. Нәтижесінде гектардан үш центнерге дейін жоғалтып отырды. Жаңа машиналардың арқасында күніне 50 гектар жерден өнім жиналып, ысырапқа жол берілмеуде.

БОЛАТ БАҚАУОВ, Павлодар облысының әкімі

Дәннің сапасына жоғары бағасын берген аймақ басшысы мұндай өнім шаруалардан тоннасына 50 мың теңгеге сатып алынатынын жеткізді. Болат Бақауов, сондай-ақ Ертіс кооперативіне жылжымалы кептіргішті сатып алып, жұмысқа агрономиядан хабары бар тәжірибелі бухгалтерді тартуға кеңес берді. Шаруа қожалық басшыларымен әңгіме барысында облыс әкімі егістік алқаптарын диверсификациялау мәселесін қайта көтерді. Айтуынша, дәнді дақылдарда тоқтамау қажет. Мәселен, қазір зығырды тоннасына 85 теңгеге, ал жасымықты 150 теңгеге сатуға болады.

Ал бұл мектеп ауданның тірек ауылдарының бірі – Ағашорында орналасқан. Ғимараттың жабындысынан сорғылап су ағады. Бұдан бөлек, шыныларды алмастыру қажет. Бұған керекті қаражатты аудандық бюджеттен іздеп табуға болады. Ал ауылдық мәдениет үйіне сұралып жатқан 80 миллион теңге көптеген сұрақтарды туындатты. Болат Бақауовтың сөзінше, жөндеу жүргізгенше 100 миллион теңгеге жаңа мәдениет үйін тұрғызу әлдеқайда тиімдірек. Дәл осындай күмән бұл тұрғын үйді жөндеу шараларына байланысты туындады. Тым көп қаржы талап етілуде. Тірек ауылдар әлбетте қолдауға ие болмақ. Алайда дамудың нақты бағдарламасы қажет, деп атап өтті облыс әкімі. Құрылыс материалдарының бағасын да жіті талқылау керек.

БОЛАТ БАҚАУОВ, Павлодар облысының әкімі

Аудан орталығында аймақ басшысы Жұмыспен қамту орталығындағы жаңартылған операциялық залмен танысты.  Болат Бақауовтың сөзінше, қызметкерлерге қосымша міндеттер жүктеу керек. Себебі мұндай орталықта күніне небәрі 10 адамды қабылдау өте аз.       

Бұдан соң әкім Серік Батырғожинов Ертіс ауданының 2017-2019 жылдарға арналған даму жоспарымен таныстырды. Онда Северный, Ағашорын мен Голубовка сияқты тірек ауылдарды абаттандыруды тәмәмдау мен Ертіс ауданын көріктендіруге бағытталған 35 жоба бар. Барлық мақсаттарға екі жылда 2, 3 млрд. теңге қажет болады. Алайда, кей мәселелердің мерзімі біраз жылжиды.

БОЛАТ БАҚАУОВ, Павлодар облысының әкімі

Аймақ басшысы Ертіс ауданын дамыту бағыты дұрыс таңдалған айтады. Алайда, бағалар күмән тудыруда. Барлығы шынайылыққа жақын болуы тиіс. Барлық жобалар қарашаға дейін дайындалып, желтоқсан айында байқаулар өтеді. Бұдан соң қаңтар-ақпанда құрылыс материалдарын сатып алынып, жұмыстар көктемде басталмақ.   

Тақырып бойынша материалдар

Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
20:37, 22 қыркүйек 2017
Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
Толығырақ...
Облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті
20:25, 22 қыркүйек 2017
Облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті
Толығырақ...
Павлодарлық судьялар латын әліпбиін қолдайды
20:23, 22 қыркүйек 2017
Павлодарлық судьялар латын әліпбиін қолдайды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Железин ауданына ОҚО-нан қоныс аударған отбасы
20:13, 22 қыркүйек 2017
Железин ауданына ОҚО-нан қоныс аударған отбасы
Толығырақ...
Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
20:37, 22 қыркүйек 2017
Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
Толығырақ...
«Адал ұрпақ» облыстық жастар слеті өтті
19:00, 19 қыркүйек 2017
«Адал ұрпақ» облыстық жастар слеті өтті
Толығырақ...