ШҰҒЫЛ! АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК Толығырақ

«ЕРТІС – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ»

18:46, 9 қазан 2019

Ертіс өңірінің мемлекеттік органдары Президент Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды қажетті деңгейде орындамайды. Бұл жайында облыстық жемқорлыққа қарсы қызмет басқармасының басшысы Айдар Тастеміров мәлімдеді. Бүгін шаһарымызда аталмыш департаментті көпшілік алдында есеп берді.

Қазіргі таңда өңірімізде «Ертіс – адалдық алаңы» атты жобасы жүзеге асырылып жатыр. Соның арқасында, бизнес пен инвестициялар қорғалып, қолға алынды. Жақында Үкімет отырысында бұл мәселелер кеңінен талқыланған болатын. Нәтижесінде, кәсіпкерлерді бақылаушы органдардың қорғауы керек деген шешім шығарылды. Ағымдағы жылдың басынан бастап Павлодар облысында 18 қылмыстық заңбұзушылық тіркелді.

Айдар Тастеміров, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы:

Халықпен байланыс орнатудың ең тиімді тәсілі – облыс бойынша «open space» форматындағы орталықтарды ашу. Мұндай кеңселер мемлекеттік ұйымдар, әкімшіліктер, құқық қорғау, сот органдары тіпті, ауыл әкімдіктерінде де ашылу тиіс. Бүгінде облыс бойынша осындай орталықтар бар. Бірақ, олардың жұмыс көңіл көншітпейді.

Оның үстіне, тұрғындардың басым көпшілігі мұндай орталықтардың бар екендігінен хабарсыз. Себебі, ақпараттандыру жұмыстарының деңгейі төмен.  Халықпен кері байланыс орнатудың бір мысалы – бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпарат пен павлодарлық тұрғындардың сұрауы бойынша -  қала ағаштарын заңсыз кескен азаматтарды анықтадық,-дейді департамент басшысы.  Нәтижесінде, қылмыстық іс қозғалып, арнайы тексеріс жүргізілген.

Айдар Тастеміров, Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы департаментінің басшысы:

Қызметтік тексеріс – ағаштар тұрғындардың ойымен санаспай, олардың  рұқсатынсыз, экологиялық нормаларды ескермеу нәтижесінде заңсыз кесілген екенін анықтады.   Олардың бұл әрекеттері түсініксіз. Кесілген ағаштардың орнына жас желектер отырғызылмаған.

Айдар Нұрманұлы Қазақстан Президенті Жолдауындағы «Естуші мемлекет» қағидасы тиісті деңгейде орындалмай жатқандығын басып айтты. Осыған байланысты, сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің басшысы – тұрғындарды қоғамдық белсенділіккке шақырып, қарапайым халықпен бірлесіп жұмыс істеуді тапсырды.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
18:41, 15 қазан 2019
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...