ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

«ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ» ЖОБАСЫ

14:25, 24 қаңтар 2020

Облыс орталығында орналасқан Әскери даңқ мұражайында даңқты жерлесіміз Махмет Қайырбаевтың өмір жолына арналған еске алу кеші өтті.

Шара «Ерлікке тағзым» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Биыл екінші дүние жүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл толып отыр. Осы ретте елінің ертеңі үшін етігімен от кешкен жерлестеріміздің өмірбаяны кеңінен насихатталмақ. Ал, бұл игі шаралардың алғашқы легі басталып та кетті. Әскери даңқ мұражайында кеңес одағының батыры Махмет Қайырбаевтың өмірі мен ерен еңбегі баяндалған еске алу кеші өтті.

Гүлбарам Наурызбаева, облыстық білім, ғылым саласының кәсіподақ ұйымының төрайымы:

Ең біріншіден біз аталарымыздың, ол кісілердің істеген ерлігін,түгел халықтың арасында насихаттау керек. Ол жастарға үлкен үлгі. Ең бірінші патриоттық сезімді сіңдіру мақсатында. Имандылық сезімді, рухани байлығын соның түгел осы ерлік деген ұғымның ішінде деп санаймын. Сол бүкіл осы жақсы қасиет Махмет ағамыздың бойында табылып отыр.

Тым терең, мың мағыналы кешке батырдың ұлы мен көзін көрген жандар жиналды. Жиналғандар Қайырбаевтың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.  Кеңес одағының батыры тірі болса биыл 95 жасқа толар еді. Шараға келген ақсақалдар естеліктерімен бөлісіп, арнайы әзірленген бейнеүзіндіні тамашалады.

Мұрат Қайырбаев, М.Қайырбаевтың ұлы:

Әкеммен бірге жұмыс істеген әріптестерін көріп, қатты қуаынп отырмын. Қазақ халқында: « Әкең өлсе, әкеңнің көзін көрген өлмесін» деген керемет мақал бар. Барлық отбасыларынан соғысқа қатысқан адамдар бар. Қазақстандықтар көптеген қиыншылықтарды көрсе де, соғысқа еңсесін көтеріп қатысқан болатын.

Махмет Қайырбаев 1925 жылы Семей жерінде дүниеге келген. Сұрапыл соғыс аяқталғаннан кейін Ертіс-Баян өңірінде бірқатар қызметтер атқарды. Қазіргі таңда облыс көлемінде батырдың есімі берілген мектеп, сондай-ақ, қала аудандарда көшелер де бар. «Ерлікке тағзым» жобасы батыр бабаларымыздың өмір жолын насихаттауға бағытталған. Алдағы уақытта талай тың бастамалар көпшілік жүрегіне жол тартатын болады. Ал, Ертіс телеарнасының «ЕРТІС АҚПАРАТ» жаңалықтар топтамасынан жеңістің 75 жылдығына арналған арнай сюжеттер легін тамашалай аласыздар.

 

Айдана ЖҰМАГЕЛДІҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...