ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ

14:14, 21 қаңтар 2020

Биылғы мамырда Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл толады. Мерейтой қарсаңында сол бір сұрапыл соғыстың куәгерлері туралы баяндайтын боламыз. Өңірде ардагерлердің қатары күн санап сиреп барады. Ал, көзі тірілерінің арты тоқсаннан асты. Солардың бірі, Марья Матюшина 19 қаңтарда 94 жасқа толды.

Марья Матюшина анасы және әпкесімен бірге Тула облысының Калуга қаласында тұрды. Жеті сыныпты тәмәмдаған соң, токарь мамандығы бойынша оқуға жіберіледі.
Соғыс басталған кезде Марья небәрі 15 жаста еді. 1942 жылы Новомосковск қаласына жаттығуға келеді. Сондай-ақ, әскери камуфляж курстарын да өз еркімен үйренуді бастайды. 1943-ші жылдың ақпан айында қыздармен бірге әскери құрылысшы ретінде, қорғаныс бекіністерін салуға майданға аттанады. Отряд құрамында Беларусияның Витебск қаласына, одан кейін Карелия, Петрозаводск, ары қарай Мурманск облысына дейін жетеді. Сол жерде Марья Алексеевна жеңістің куәсі болды.

Тамара Севастьянова, соғыс ардагерінің әпкесі, тыл еңбеккері:

Мен ол кезде 17 жаста болдым. Соғыс бастала салысымен біз үйден атып шығып, немістердің кім екенін көргіміз келді.  Олар көше бойында кетіп бара жатты. Біз бірден таң қалдық. Біз сияқты адамдар, не үшін соғысып жатыр бізбен дегендей.

Аналары әпкесінің соғысқа аттануына қарсы болған. Әпкесі анасының жанында қалып, зауытта майданға арналған бөлшектер жеткізетін жұмыс атқарды. Сонымен қатар ағаш кесу жұмысына да белсене араласты.

Тамара Севастьянова, соғыс ардагерінің әпкесі, тыл еңбеккері:

Онда ағаш кесумен айналыстық. Біз жап жас қыз болдық. Ол кезде ағаш кесудің не екенін білмедік тіпті. Бірақ сонда да күнде таңертең тұрып, осы жұмыстарды істедік. Шыны керек, бұл жұмыстарды жасау аса қиындық тудырмады. Себебі, жас болдық күш-қуатымыз көп болды.

Марья Алексеевнаның әпкесі Тамара Севастьянова соғыс аяқталған кезде Калуга қаласында үйде болды. Олардың да бүкіл Кеңес одағымен бірге қуаныштарында шек болмады.

Тамара Севастьянова, соғыс ардагерінің әпкесі, тыл еңбеккері:

Соғыс аяқталған тұста Марья сол уақытта үйге қайтты. Ал бізді сол кезде тұрып жатқан үйімізден қуып шықты. Содан кейін, мал қорада тұруға мәжбүр болдық. Қуанышқа орай Маша келген кезде оған бірден пәтер табыс етілді.

Соғыс аяқталған соң, анасы екі қызымен Сахалинге қоныс аударды. Сол жерде Марья Алескеевна өзінің болашақ жарын кездестіреді. Бірнеше жерлерде жұмыс істеп, балаларымен бірге Железин ауданындағы Целина ауылына келеді. Осы жерде Мария Матюшина өмірінің көп бөлігін бірге өткізіп келе жатқан кенже қызы Галина өмірге келді.

Галина Мосияш, соғыс ардагері Марья Матюшинаның қызы:

Ол үстемдік орнатқанды жақсы көретін. Оның мінезі негізі қатал болатын жас кезінде. Ал әкеміз, керісінше жұмсақ кісі болатын. Қайда тұрмаса да, көршілерімен өте жақсы қарым қатынаста болатын. Адамдарға жылы шырай танытатын. Менің ойымша, соғыс Марьяның мінезін өзгерткен жоқ. Ол бұрыннан осындай қалпында. Егер оның мінезі басқандай болса, соғысқа бармаушы ма еді кім біледі.

Марья Матюшина 19 қаңтарда 94 жасқа толды. Жас кезіндегі қиыншылықтар мен азаптарға қарамастан, ол әлі күнге дейін әрдайым жақсы көңіл-күйде жүруге тырысады. Жыл сайын Павлодар ауданының басшысы құттықтап, соғыс арадагеріне қошемет көрсетеді.

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ, Сабина РАХИМБАЙ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар