ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ЕРІКТІЛЕР ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

23:21, 20 қараша 2020

Еріктілер тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Ковидты алдын алу бойынша буклеттер мен бетперделерді таратып жатыр. Бұл шаралар қаншалықты маңызды?

Дәл осылай бүгін Павлодардағы №4 емханада еріктілермен індеттің алдын алу бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. Оның басты мақсаты – инфекцияны таралмауына тосқауыл қою. Осы мақсатта «Қызыл жарты ай» қоғамдық ұйымының Павлодар облыстық филиалының еріктілері тұрғындарға жадынамалар мен бетперделер таратты. Сонымен қатар, еріктілерді қолданылған маскалардың жер көкте шашылып жатқаны  да алаңдатады. Коронавирустан қорғанамыз деп, экологиямызға зиян тигізіп жатқан жоқпыз ба деген сұрақ тағы бар.

Гүлнар Исақанова, «Қызыл жарты ай» ҚҚ ПОФ директоры:   

Біз енді өзіміздің тарабымыздан халыққа қолданған маскаларды қалай утилизация жасау керек деген жұмыстар атқарып жатырмыз. Енді қазіргі күнде билік өкілдерінде шешім қабылдайтын шығар. Солай утилизация жасау керек.

Жазғы уақытта 114 ерікті Қызыл жарты ай ұйымымымен арнайы оқудан өтті. Олар қазір қоғам арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осындай шаралар мәдени ошақтарда, медициналық мекемелерде, қоғамдық орындарда өткізіледі.  

Арман Отарбеков, №4 емхананың бас дәрігері:

Біздің емхана барлық еріктілер ұйымдарымен тығыз байланыста. Олар бізге келіп жиі көмектесіп тұрады.  Мысалы жазды жағдай ушығып тұрған кезде еріктілер ұйымы мобильді бригадаларға көліктерін ұсынған. Сондықтан жұмыс бірігіп жасалуда.

Айта кетейік, 4 емханада 14 мобильді бригада жұмыс жасайды. Емханада жалпы қазір 73 мыңнан аса адам тіркелген.  Аталмыш мекемеде тіркеуде тұрған 65 адамнан КВИ расталған. Оның 11-і бала.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар