ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ЕРІКТІЛЕР ҚАН ТАПСЫРДЫ

21:50, 15 қыркүйек 2020

Бүгін қан тапсыру орталығында «Волонтерлар Лигасы» еріктілерінің ұйымдастыруымен «Қан тапсырып-өмірді сыйла» акциясы өтті. Шараға 40 жуық адам қатысты.

«Волонтерлар Лигасы» қаламыздың қайырымдылықпен белсенді айналысатын ұйымдарының бірі. Бүгінде 40-жуық ерікті қан тапсырды. Басты мақсат – көмек қолын созу.

Ғазиз Дәурен, «Волонтерлар лигасы» Павлодар облыстық филиалының директоры:

Әр айдың 14-і күні біздің команда «Волонгтерлар» командасы қан тапсырады. Бұл акцияға «Қан тапсырып өмір сыйла» атауын бердік. Осы негізгі қан тапсырудағы басты мақсат – қадамыздағы қан жетіспеушілігінің болмауынан сақтандыру. Демек, біздің волонтерлар 18 жастан қан тапсыруға келеді. Біздің санақтарымыз бойынша, бүгін 40-қа жуық адам қан тапсыруға келмекші.

18 жасқа толған, салмағы 50 келіден асатын денсаулығында ақау жоқ әр адам донор болып ала алады.

Сәния Темірхан, тілші:

Бүгін қыркүйек айының 14 жұлдызы. Мереке күні боолмаса да, «Волонтерлар лигасының» еріктілері үшін бүгін атаулы күн. Неге десеңіздер, әр айдың 14-і күні олар қайырымдылық негізінде қан тапсырады. Біздің ұжым да бұл бұл іске өз үлесін қосып көрді.

Айта кетейік, деннің саулығымен қоса қан тапсыру үшін бірнеше талаптарға сай болу қажет. Мәселен қан тапсыруға дейін 48 сағат бұрын дәрі дәрмектер мен алкогольді өнімдерді қабылдамау және мүмкіндігінше шылым шекпеу керек.

 

Сания ТЕМІРХАН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар