ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ЕРІКТІЛЕР ДӘРІГЕРЛЕРГЕ КӨМЕКТЕСУДЕ

21:35, 13 шілде 2020

Павлодар облысының еріктілері – вируспен күресте алғы шепте жүрген дәрігерлерге көмектесуде. Олардың көбісі провизорлық орталықтарда санитар қызметін атқарып жүр. Мәселен, қазіргі уақытта Мойылды шипажайында 50-ге жуық ерікті жұмыс істеп жатыр. Оларға барлық жағдай жасалып еңбекақы төленеді.

Әйгерім Жүсіпбекова – аурумен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге көмектесіп жүрген жандардың бірі. Ол шілденің 2-нен бастап Мойылды шипажайында санитар болып жұмыс істейді. Күнделікті науқастардың бөлмелерін жинау, сәлемдемелерді жеткізу және медбикелердің жұмыстарына көмектеседі. Айтуынша, шипажайда еріктілерге барлық жағдай жасалған.

Әйгерім Жүсіпбекова, ерікті:

Иә, мен өз еркіммен бардым. Өзіме ұнайды жұмыс. Қазіргі уақытта біз сол жақта тұрамыз. Ол жақта бізге 3 мезгіл тамақ береді. Демалатын орнымыз бәрі жақсы, таза. Барлығымен қамтамасыз етіп жатыр бізді.

Әйгерім басқа еріктілермен бірген ауысым бойынша жұмыс істейді. Тиісті уақытта қорғаныш киімдерін ауыстырып отырады. Еріктілерге еңбекащыда төленеді. Науқастармен жұмыс істеу алғашқыда қорқыныш болғанын жасырмады.

Әйгерім Жүсіпбекова, ерікті:

Басында кішкене болды. Бірінші күні барған уақытта қорқу, уайымдау, алаңдау болды. Қазір бәрі жақсы. Өйткені, келіп жатқан кісілердің барлығы үлкен жастағылар. Оларға емі жасалып, алғыстарын айтып емделіп шығып жатыр.

Ал Ақерке Ерғали биыл құқықтану мамандығы бойынша гуманитарлық колледжі бітірді. Волонтерлікке деген қызығушылығы бұрыннан бар. Жұмысқа тұру мақсатымен еңбекпен қамту орталығына тіркелді. Нәтижесінде, жедел желі телефон байланысына жауапты ретін тағайындалды. Онда ол халыққа көмек көрсеткісі келетін ерікті азаматтардың қоңырауын қабылдап, тіркейді.

Ақерке Ерғали, ерікті:

Мен 1-ші шілдеден бастап жұмыс істеп жатырмын. Осы уақыт аралығында 300-ден астам бізге хабарласты. Қазіргі таңда олардың 40-ы жұмысқа қабылданды. Қалғандары денсаулық сақтау басқармасының кадрлар бөліміне жіберілді.

Пандемия кезінде көмек қолын созғысы келетін волонтерлардың тізімі облыстық денсаулық сақтау басқармасына жолданады. Содан кейін, олардың әрқайсысымен жеке сөйлесіп, провизорлық орталықтарға жіберіледі.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...