ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ЕРІКТІЛЕР АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ

14:32, 21 қаңтар 2020

Өңірдің еріктілері волонтерлер жылында соғыс ардагерлеріне көмек көрсете бастады.

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсету мақсатында еріктілер тобы жұмыс істейді. Олар зейнеткерлерге үй жұмыстарына көмектесіп, азық-түлікпен қамту, қыстыгүні қар тазалау жұмыстары сияқты және тағы да басқа игі істер арқылы қолдау көрсетуде. Еріктілер тобы алдымен Мәскеу көшесі 47 мекенжайына барды. Мұнда 93 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Григораш тұрады. Ол соғысқа 17 жасында аттанған болатын. Байкал өзенінің ар жағында 293 дивизияның құрамында соғысып, зеңбірек атушы және бөлім командирі болды.

Василий Григораш, екінші дүниежүзілік соғыс ардагері:

Соғыста жүргенде біз дұрыстап тамақтанбайтынбыз. Осындай аязды күндерде бізге піспеген картоп пен қырыққабат беретін. Мен өмірі шылым шекпегенмін. Жаздыгүні салмағымды өлшеген кезде 40 келі болып тұр екенмін.

Василий Иванович жақында 94 жасқа келеді. Ол осы уақытқа дейін спортпен айналысып, күнде жаттығу жасайды. Айтуынша, соғыс оның өмірі мен денсаулығына әсер етіп, ерекше із қалдырды.

Василий Григораш, екінші дүниежүзілік соғыс ардагері:

Туған жерге деген махабат болмаса, өмір болмайды. Соғыс болмаса, менің өмірім мүлдем басқаша болушы еді.

Әйгерім Бозанбаева, тілші:

Ерікті оқушылар қаламыздағы ардагерлермен тыл еңбеккерлерінің үйіне барып, әрдайым үй жұмыстарына көмектесіп тұрады. Осы ретте біз де өз үлесімізді қоспақ болып, қар тазалауға кірісіп кеттік.

Ал 83 жастағы Нина Колесникова Ресейдің Красноярск облысында дүниеге келген. Павлодар аймағына 1964 жылдары қоныс аударған. Бұдан кейін арақ-шарап зауытында 30 жыл бойы тынымсыз еңбек етті. Зейнеткерлікке шыққанына 23 жыл болыпты. Үйдегі жұмыстардың барлығын өмір бір өзі жасап келген. Алайда, соңғы уақытта денсаулығы сыр беріп жүр. Сол себепті, ерікті оқушылардың келгеніне ризашылығын білдірді.

Нина Колесникова, тыл еңбеккері:

Үлкен алғысымды білдіремін. Осыған дейін барлығын өзім істейтінмін. Жазда бау-бақша егіп, гүл өсіремін.ал қазір денсаулығыма байланысты шамам келмейді. Балалардың келіп, маған көмектескені мен үшін үлкен көмек. Өте қуаныштымын. Осы күндері қар тоқтамай жауды. Қарды өзім тазалай алмаймын.

Осы күндері ауа райына байланысты боран соғып, жел күшейді. Сол себепті, толассыз жауған қарды тазалау ардагерлерге қиындық тудырады.   Осыған байланысты Павлодарда қар тазалау бойынша науқан жарияланған болатын. Акцияға қалалық мектептердің оқушылары белсенділік танытады.

Гауһар Шаймарданова, №19 ЖОББМ 10 сынып оқушысы

Жалпы, айтқанда, біздің топ 5 жылдай құрылған болатын. Бұл топта 35 адам бар. Кейде оларға үйде жинастырамыщ, көмектесеміз, кейде қарды жинастыруға көмектемесіз. Бұл еріктілер тобында маған белсенді болу маған өте қатты ұнайды.

Еріктілер жылы аясында Павлодарлық оқушылар өз жұмысын одан осылай жандандыра түсті. Ең алдымен Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен зейнеткерлерге көңіл бөлінбек.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар