ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

ЕРІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР

10:11, 19 ақпан 2020

Павлодар облысында 5 мыңға жуық адам - еріктілікпен айналысады. Олар аймақ тұрғындарына әркез қол созуға дайын. Волонтерлік бағытта жұмыс жасайтын бірнеше белсенді ұйымдар бар. Бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүруде. Еріктілер жылы аясында өңіріміздегі еріктелердің қатары көбейе түспек.

Еріктілік - адамның жасына қарамайды. Волонтерлікпенн тек студенттер ғана емес, ересек азаматтардың барлығы да айналыса алады. Мәселен, Әйгерім Манабаева облыстық қоғамдық даму және ақпарат басқармасының маманы. Негізгі жұмысымен қатар, мемлекеттік қызметкерлердің өңірлік кеңесін басқарады.

Әйгерім Манабаева, Павлодар облысының жас мемлекеттік қызметкерлер кеңесінің төрағасы:

Мемлекеттік қызметке ауысқаннан соң да еріктілікті  жалғастырып келемін. Жастар саясаты бөлімінде қызмет еткендіктен волонтерлікпен айналысу жеңілірек. Себебі, жастар саясатының басты мақсаты – жастардың туындаған өзекті мәселе-сұрақтарын шешу, өскелең ұрпақ арасында еріктілік мәдениетті көтеру.

«Еріктілер жылы» аясында Павлодар облысының мемлекеттік қызмет істері департаменті мен жас мемлекеттік қызметкерлер кеңесі бірігіп, ұйым құруды жоспарлауда. Бұл өз кезегінде аймағымыздағы еріктілердің қатарын арттыруға септігін тигізеді.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ,  Сабина РАХИМБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
11:31, 31 наурыз 2020
ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...