ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ

14:49, 3 наурыз 2020

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл толуына орай біз ардагерлерді ұлықтауды жалғастырамыз. Жеңіс күні, яғни 9-мамырға дейін 68 күн қалды. Біздің арна кері санауды іске қосады. Сұрапыл соғыстың бүгінгі куәгері, 95 жасқа аяқ басқан Құдайберген Қапсалямов. Майдангер Ақсу қаласында тұрады.

Құдайберген Қапсалямов 1925 жылы Павлодар облысында дүниеге келді. 1941 жылы 8-сыныптық мектепті тәмамдаған. Ал, 1943 жылдың қаңтарында 17 жаста әскер қатарына қабылданды. 34-ші танкіге қарсы атқыштар дивизионында артелерист-көздеуші ретінде шайқастарға қатысты. Сондай-ақ, 1-ші Беларусь фронты, 29 корпус, 8 армия, 27-ші гвардиялық әскери дивизия құрамында болды.    

Құдайберген Қапсалямов, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері:

Сонда Берлинге кім кіру керек, алдымен. Соны штаб решать етті. Жуков Георгий Константинович. ОСМ армия, 5 армия, 6 армия. 5-6 армия запас. ОСМ армия кірсін деді. ОСМ армия гвардейский вездеход, оның алмайтыны жоқ.  

Осылайша, ардагер Берлинді алу жолында көптеген қалаларды неміс-фашист басқыншыларынан азат етуге ат салысқан. Оның кеудесінде екінші, үшінші дәрежелі Даңқ ордені, «Варшаваны азат еткені үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдары, сондай-ақ мерейтойлық марапаттары жарқырап тұр.

Құдайберген Қапсалямов, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері:

Уличный бой. 4-ші кварталға кіргенде, анда танкілер шықты. Оларды екі снаряд беремін, тоқтайды. Үшінші снаряд беремін, жанады. 

Кеңес әскерінің Қарулы күштер қатарында 7 жыл болған майдангер 1950 жылы туған ауылына оралып, ішкі істер органдарында қызмет етті. Ел тыныштығын қорғаудағы еңбегі үшін ол «Мінсіз қызметі үшін» медалімен және «Милиция үздігі» төс белгісімен марапатталды. Жеңістің 75-ші көктеміне аман-есен жеткен қарияның бір-ақ тілегі бар, ол – ел тыныштығы.

Құдайберген Қапсалямов, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері:

Кейінгі жастарға біздің көрген қиындығымызды көрмесін, қиыншылық бейнетті тәуір тарттық, олар көрмесін. Елімізде тыныштық болсын. Жастарымыз оқу оқысын, ғылым-білім алсын өркендесін. 

Майдангер ақсақал 4 бала тәрбиеледі. Қазір қарияның 12 немересі мен 19 шөбересі бар. Қыркүйек айының 20-шы жұлдызында ол 95 жасқа толады. 

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар