ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

ЕР ЕСІМІ - ЕЛ ЕСІНДЕ

10:34, 19 ақпан 2020

Соғыстың сұрапыл жылдарын басынан өткергендер ерекше назарға ие. Жеңіс күні қарсаңында тілшілеріміз Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен және олардың туыстарымен кездесуде.

Петр Никитович Кунгуров 1927 жылы 12 шілдеде Алтай өлкесінде дүниеге келген. Майданға 1944 жылы соғыс аяқталар тұста шақыртылған. Оның бойы 1,60, салмағы 52 келі. Сол кездегі қарапайым кішкентай бала, ұрыс алаңына дайын емес жасөспірімдердің бірі болды.

Петр Кунгуров, соғыс ардагері:

Ол кездегі жас жігіттер ештеңе білмейтін.  Мен 45-ші жылдардың аяғына дейін оқу орнында болдым. Сол оқу орнында мені нағыз жауынгер болуға үйретті.

Соғыс аяқталуға жақын қалғанда, барлық курсанттар өздеріне берілетін бұйрықты күтіп отырды, дейді Петр Никитович.  Кенеттен, түн ортасында дабыл көтеріліп, барлығы майданға жіберілді.

Петр Кунгуров, соғыс ардагері:

Бізді дабыл қағып, майданға жіберген тұста зымырандар батысқа қарай бағыт алып, үстімізден өтіп жатты. Ешкімнің жүзінде күлкі болмады. Ол кезде кімнің өлгісі келеді дейсің. Бір уақытта біз Енисейді өткен тұста, барлығы өмірге жаңадан келгендей болды. Жеңіс күнін біз Байкал көліне жетпей, қарсы алдық. Ести сала, барлығымыздың қуанышымызда шек болмады.

Бірақ іс жүзінде олардың көпшілігін басқа соғыс күтіп тұрды. Петр Кунгуров жапондық агрессорлармен шайқас кезінде өз ерлігін көрсетті.

Петр Кунгуров, соғыс ардагері:

Мен танкшілер құрамына келгенімде, шамамен бір аптадан кейін бізді түн ішінде оятып алып, шекараға ақырын жақындадық. 9 тамыз күні біз Дунинг қаласының шекарасынан өтеміз. Әрине, соғыс ойыншық емес. Адам шығындары болды. Бірақ көп емес.

Петр Никитович алғашқы Қиыр Шығыс майданында, 10- механикаландырылған корпуста, 204-ші танк бригадасында қызмет етті. Бәрінен бұрын олар өзін-өзі өлтірушілерден, камикадзе деп аталатын сарбаздардан қорықты. Солардың кесірінен ол соғыстың соңында ауыр жарақат алды.

Петр Кунгуров, соғыс ардагері:

Камикадзе құбырға байлаулы болды. Біз жақындай бергенде үлкен жарылыс орын алды. Менің аяғым жарақаттанған, екі қабырға сынған бір сөзбен оңай болған жоқ.

18 жасында ардагер соғыс мүгедегі болып қалды. 46-шы жылы қызметі аяқталып, Петр Никитович отанына оралды. Соғыстан кейін ол телефон және телеграф байланысының бақылаушысы болып жұмыс істеді. Сосын полиция бөлімінде, жедел топтың аға инспекторы да болды. 1987 жылы подполковник атағымен зейнетке шықты. Бүгінгі таңда, Петр Никитовичтің қызы, бес немересі және сегіз шөбересі бар. Биыл 93 жасқа толды. Арасында, 93 деген 91 жас емес, көп жерім ауырады деп әзілдеп те қояды. Бірақ шын мәнінде, қиын жастық шағына қарамастан көңілді және әрқашан көтеріңкі көңіл-күйде.

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ, Сабина РАХИМБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
11:31, 31 наурыз 2020
ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...