ШҰҒЫЛ! АЛТЫ ЖАСТАН МЕКТЕПКЕ БАРУ МІНДЕТТЕЛЕДІ Толығырақ

ЕҢБЕККЕ УАҚЫТША ЖАРАМСЫЗ ПАРАҒЫН САТҚАН ЕКІ ҚЫЗМЕТКЕР ЖҰМЫСТАН ҚУЫЛДЫ

18:20, 12 ақпан 2019

Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы жасанды анықтама сатқан екі медицина қызметкері жұмыстан қуылды.

Бұндай факты «Ертіс адалдық алаңы» жобалық офисі мен денсаулық сақтау басқармасының бірлескен мониторингі барысында белгілі болды. Тексеру нәтижесі бойынша №5 емхананың дәрігері мен №4 емхананың медбикесі жұмыстан шығарылды. Арнайы сараптама тобының мүшелері әлеуметтік желілерде еңбекке уақытша жарамсыз парағының сатылатынын байқаған. Содан бюллетень сатып алушы адам ретінде хабарласқан.  Ол, №5 емхананың жалпы тәжірибедегі дәрігері болып шыққан. Дәрігер қаладағы жекеменшік емхана арқылы жалған анықтама жасап саудалаған. Жасырын түсірілген бейнежазбадан белгілі болғандай еңбекке жарамсыздық парағы бір күнге 2500 теңге. Дәл осындай оқиғамен №4 емхананың медбикесі де әшкере болды. Қазір қызметтік тексеруден кейін екі медицина маманы жұмыстан қуылды.

АЙНҰР СӘДУАҚАСОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

Тексеру нәтижесі бойынша №5 емхананың дәрігері мен №4 емхананың медбикесі еңбекке уақытша жарамсыздық туралы жалған анықтама сатып келгені белгілі болды. Қазір, екі мед қызметкер жұмыстарынан босатылды. Сондай-ақ, №86 анықтаманың да сатылатыны туралы ақпарат бар. Біздің жігіттер оны да тексеретін болады.

Естеріңізде болса, өткен жылдың қараша айында Екібастұз қаласының емханаларында жалған науқас парағын сату оқиғалары анықталып, бірнеше адам жұмысынан кеткен болатын. Соған қарамастан, жалған құжатты сататындар әлі де бой көрсетуде. Өз қызметкерлерінің келеңсіздік оқиғасына тап болғанына мекеме басшылығы да өкініш білдірді.

ШАМШЫРАҚ АБАЕВА, ПАВЛОДАРДАҒЫ №4 ЕМХАНАНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

Денсаулық сақтау басқармасы «Ертіс адалдық алаңы» жобасымен бірлесіп мониторинг өткізу нәтижесінде біздің емхананың медбикесі жалған анықтама сататыны анықталды. Өзгеге сабақ болсын деген ниетпен ол қызметкерді жұмыстан шығардық. Алдағы уақытта мұндай келеңсіздікке жол бермеуге тырысамыз. 

Ақпан айынан бастап мемлекеттік медициналық мекемелерден берілетін еңбекке уақытша жарамсыз парағында QR соды енгізіліп жатыр. Осы арқылы кадр қызметінің маманы анықтаманың шынайылығына көз жеткізе алады. Айтпақшы, жуырда ғана өңірдегі барлық бас дәрігерлер қоластындағы қызметкерлердің жемқорлық әрекеті үшін жасап беру жөніндегі келісімге қол қойған.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАРДА ҚАЙДАРОВ ҚАЖЫКЕН ҚАБЫШҰЛЫНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ
11:44, 19 ақпан 2019
ПАВЛОДАРДА ҚАЙДАРОВ ҚАЖЫКЕН ҚАБЫШҰЛЫНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР  6-ЖАСТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ
19:16, 15 ақпан 2019
1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР 6-ЖАСТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
БІРҚАТАР ӨҢІРДІҢ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА БАСШЫЛАРЫ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МҰҚТАЖ АЗАМАТТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН ҚОСЫМША ҚАРЖЫ ТАПТЫ
18:37, 15 ақпан 2019
БІРҚАТАР ӨҢІРДІҢ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА БАСШЫЛАР...
Толығырақ...