ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

«ЕҢБЕК ЖОЛЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

11:04, 8 қараша 2019

Павлодарлықтар жыл сайын өтетін республикалық «Еңбек жолы» байқауына қатысып жатыр. Сайыс «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас қызметкері», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» атты үш номинация бойынша ұйымдастырылады. Павлодар облысы барлық үш аталымға үміткерлер ұсынды. Олардың қатарында ұстаздық жолды ата кәсіп кеткен Оспановтар әулеті де бар. Бұл әулеттің жалпы еңбек өтілі 225 жыл.

Оспановтар әулетіндегі ұстаздық ұлы жолын 1922 жылы Хамит Оспанов бастаған. Ал, жұбайы 1932-1352 жылдар аралығында педагог қызметін атқарды. Бұл кісілердің артынан ерген саналы ұрпағы да ата кәсіптен аттап кетпеген. Қызы Мәлике Хамитқызы өзінің еңбек жолын Шарбақты ауданына қарасты Галкин орта мектебінен бастайды.

Мәлике Оспанова, ардагер ұстаз:

Бұрынғы немен 7 класты бітіргеннен кейін пед училищеге түстім. Нап отделение учителей русского языка для казахских школ. Соны бітірдік. Сондай отделение ашылған. Галкинский СОШ-да жұмыс істедім Шербактинского райлна сол кезде.

Мәлике Хамитқызының ұстаздық жолда жеткен жетістігі өте көп. Халықтық білім беру министрлігінің алғыс хаты, құрмет грамоталарымен марапатталған. 1975 жылы Республикалық ұстаздар съезіне делегат болып барған. Ұстаз деген ауыр жүкті арқалай жүріп, отағасы екеуі 3 қыз, 2 ұл тәрбиелелеп өсіреді. Ұлдары техникалық саланы таңдағанымен, қылықты қыздары педагогтар династиясын жалғастыруды көздеген. «Ана көрген тон пішер» - демекші, Майгүл мен Баян бірі орыс тілі мен әдебиетінің, бірі математика пәнінің мұғалімдері.

Майгүл Сламбекова, орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі:

Мен педагогтар династиясынан шыққанмын. Бұл мамандық бізге атадан балаға мирас болып қалды десек те болады. Сондықтан, ата аманатына қиянат жасамай, әрі қарай жалғастырып отырмыз. Мен ата-анам мен ата-әжемнің ұстаздық жолды таңдағанына қуанамын. Бұл екінің бірінің қолынан келе бермейді. Біздің әулеттің еңбек өтіті тікелей есептейтін болсақ 225 жыл. Ал, жалпы алғанда 470 жыл.

Хамит Оспановтың шөбересі Шолпан Ахмадиева да осы салада қызмет атқарады. Құданың өзін Құдай қосады демекші, бұл әулеттің құдалары да бұл бағыттан алыс емес.

Рымкеш Сләмбекова, Оспановтар әулетінің құдағиы:

Ол кісі менің құдағиым. Көп жыл бірге қызмет істеп, құдағи болмай тұрып та араласқан, дәм-тұзымыз араласқан адамдармыз Қазбек ағамен. Артынан бауырым Ақниет пен Магүлім бір-бірімен кездесіп, отбасын құрып, міне, дәл бүгін олардың отбасы құрғанына да 40 жыл болып отыр. Сондықтан мен өзім ұстаз болғандықтан, жаныма ұстаз келгеніне өте қуандым.

Оспановтар жанұясы «Еңбек жолы» атты республикалық байқауға «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша қатысып жатыр. Жеңімпаздар онлайн дауыс беру арқылы анықталады.

Асқар Қапанов, облыстық еңбек басқармасының басшысы:

Дауыс бергеннен кейін, бірінші үздік үштікке кірген қатысушыларды комиссия мүшелері қарайтын болады. яғни, бқл жерде олардың еңбек өтілдері маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар қоғамның дамуына қосқан өлшеусіз үлестері сарапқа салынбақ. Осылайша республикалық конкурстың жеңімпаздары анықталады.

Бұдан бөлек Ертіс-Баян өңірінің намысын тағы екі үміткер қорғауда. Жерлестерімізге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлгінің ресми сайына кіріп дауыс беруге болады.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар