ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

«ЕҢБЕК» - БӘРІН ДЕ ЖЕҢБЕК!

19:05, 14 тамыз 2019

Табыс кілтін табу үшін кейде адамдар тұрғылықты жерін өзгертуге мәжбүр болады. Жұмыс іздеген жастар әрдайым ауылдан қалаға ағылады. Жыл сайын үкімет ауылдарды жұмыспен қамту үшін жаңа жағдайлар жасап жатыр. «Еңбек» бағдарламасы аясында успенкалықтар нендей шаруаларды қолға алған?

Әлем Бақтияров бұрын құрылыспен айналысқан, тендерлерге қатысқан. Сондықтан ол кәсіпкерліктің негіздерімен бұрыннан таныс. Алдыңғы тәжірибе оған бір айлық бизнес курсын еш қиындықсыз өтуге, бизнес-жоспар құруға және бизнес-жобасын қорғауға нақты көмектесті.

Әлем  Бақтияров,   «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы:

Мен үкіметтен көмек ретінде 4 млн теңге несие алдым. Бастаған ісім өзіме ұнайды. Ешқандай кедергілер жоқ. Бәріне де көңілім толады.  

Жас жігітке «Бастау Бизнес» жобасы бойынша алты жыл мерзімге 6 пайызбен шағын несие берілді. Жалпы, облыста биыл осындай қолдау шараларымен 500-ге жуық адам қамтылады. Олардың жартысынан көбі өз бизнесін дамытуға ақша алды. Бұл мақсаттарға барлығы 2 миллиард 329 миллион 200 мың теңге қарастырылған. Әлем Бақтияров өз кезегінде несиесін мерзімінен бұрын қайтаруды жоспарлап отыр. Кеңейту үшін қайта қаржыландыру ойы  да бар. Әзірге оның қолға алған ісі жемісін бере бастаған.

Әлем  Бақтияров,   «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы:

Бәрі де ойдағыдай, күннің ыстығына қарамастан әр күн сайын 130 литр сүтті литрін 74 теңгеден өз тұтынушыларымызға өткізе аламыз. Таңғы және кешкілік сауыннан кейін сүтті жедел алып та кететін тұтынушыларымыз бар.

«Еңбек» бағдарламасы жөнінде кәсіпкер өз ауылдасынан кездейсоқ  білген.  Олардың барлығы қазірдің өзінде оның тиімділігін бағалап отыр, -дейді Әлем Бақтияров.  Біреулер құрал-жабдықтар сатып алса, енді біреулер мал, т.б керегіне қол жеткізген. Кәсіпкер  «Бастау Бизнес» жобасының арқасында сауат пен ниет  болса, ауыл шаруашылығын дамытуға қаражат алуға болатындығын айтады. Алда оның жоспарлары да көп.  Ол ата-анасының жұмысын жалғастыра отырып, мал шаруашылығын одан әрі дамытпақ.

 

Әсел ЖАҚСЫБАЙ, Дария ЖУМАБЕКОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
16:57, 29 қараша 2019
14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
Толығырақ...