ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ЕҢБЕК БАҒДАРЛАМАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ЖҰМЫС ІСТЕДІ

19:48, 6 желтоқсан 2019

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Еңбек» бағдарламасы Тереңкөл ауданында үш бағыт бойынша жұмыс атқарды. Ал, «Бизнес бастау» бойынша тәлім алған 185 адамның 85-і грант алған. Бұл туралы аудан әкімі өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте баяндады.

Тереңкөл ауданында шағын және орта бизнес жақсы дамып келеді. Ауданда кәсіпті нәсіп еткен жандардың қатары жыл сайын артып, 2147 адамға жеткен. Бизнестің дамуы арқасында салық пен басқа да міндеттемелік түсім 11,5 млн теңгеге жеткен. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,7 пайызға артық. «Еңбек» бағдарламасының тағы бір бағыты оңтүстік аймақтардан жұмыс күшін тарту. Осы жылы ауданға жан басы 140 адам болатын 27 отбасы көшіп келген. Еңбекке қабілетті 56 адамның 48-і осы күні жұмыспен қамтылған.

Ернұр Әйткенов, ереңкөл ауданының әкімі:

Сегіз адам соның ішінде жұмыспен қамтылмады. Неге десеңіздер бес адам ол балаға қарап отыр. Осыдан басқа үш адам студент. Олар бүгінгі күні оқуда. Жалпы осы келген адамдардың ішінен 18-қа дейін 74 адам бар содан кейін екі пенсионер бар.

«Ауыл – Ел Бесігі» бағдарламасы аясында Тереңкөл ауылында 12 жобаны жүзеге асыру үшін 306,8 млн.теңге бөлінген болатын. Жергілікті билік ол қаржыны үнемдеп, 260 млннан астам теңгеге келісім шарт жасапты. Есесіне, қалған қаражатқа тағы бес жобаны атқарған.

Ернұр Әйткенов, Тереңкөл ауданының әкімі:

Біз осы қаражатты пайдаланып, жеті көшеге жаңадан асфальт салдық. Сол жеті көшенің ішінде бес көшеде асфальт мүлдем болмаған. Оны міне биыл дұрыстап асфальт салдық. Биыл бізге мердігер де жақсы болды. 

Жалпы, биыл ауданның 30 елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған болатын. Олардың 14-і орталықтандырылған су жүйесіне қосылса, қалғандары жерасты су көздерімен жабдықталды. Осы жылы жалпы ұзындығы 21,5 шақырым болатын Береговой ауылындағы су құбырын іске қосуды көздеп отыр. Сол кезде аудан халқының 89,5 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылатын болады.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
10:17, 19 ақпан 2020
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
Толығырақ...