ШҰҒЫЛ! АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК Толығырақ

ӘЛИЖАН КӨМЕККЕ ЗӘРУ

19:28, 9 қазан 2019

Біздің арнамызда қазан айынан бастап «Қамқорлық» айдары беріле бастады. Аталмыш айдар аясында кез келген жан көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, мейірімін төгіп, жәрдемдесе алады. Павлодар қаласының тұрғыны, жалғызбасты ана Алмагүл Шұғайыпова көпшіліктен көмекке мұқтаж. Мүмкіндігі шектеулі баласы бар ана 3 жарым жастағы Әлижанға ақшалай жәрдемдесуін сұрайды. Бірнеше патологиялармен туған балаға 70 мың долларға ота жасалу керек.

Бақтыбай Әлижан біздің арнамыздың тілшілерін жақсы көңіл күймен, күлімсіреп қарсы алды. Дәрігерге қаралуға дайындалып жатыр екен. Жүзінен жылулық,  мейірімге толы жүрек иесін аңғарасыз.  Бала туғанынан мүгедек. Оның бірнеше диагнозы бар. Қиындыққа төзе білген бұл балаға осы жылдар ішінде бірнеше ота жасалған.


Алмагүл Шұғайыпова, Әлижанның анасы:
Менің балам туған кезде ауырып туды. Бірінші күннен бастап онда көп патологиясы бар. Бұл нашар көреді. Бір көзімен көрмейді. 6 саусағы бар. Үлкен зияны бұда екі құлағы жоқ. Бізде анамнан басқа екі інімнен басқа ешкім жоқ.

Жалғызбасты ана Әлижанмен бірге бір бөлмелі жалдамалы пәтерде тұрады. Алмагүл үйден аяқ аттап, баса алмайды. Жұмыс істемейді. Себебі балаға үнемі күтім керек. Әлижанның әкесі болса, нәресте туған кезде оларды тастап кеткен. Алимент төлемейді, хабарласпайды. Көзіне жас алып, көмек сұрап отырған жалғызбасты ананың арманы - Әлижанның денсаулығын жақсарту. Бұл үшін 70 мың доллар тұратын ота жасату керек.


Алмагүл Шұғайыпова, Әлижанның анасы:
Біздің Қазақстанға шет елден Индиядан келеді дәрігер. Сол сондай операция істейді. Сол операция 70  мың доллар тұрады. Біздің ұяда сондай ақша жоқ.
Екі жыл бұрын Әлижанға ота жасату үшін арнайы есеп шот ашылды. Көпшіліктің көмегімен осы уақыт ішінде тек қана 9 мың доллар жиналған. Ана тек мүгедек баланы тәрбиелеп отырғаны үшін мемлекеттен 70 мың теңге ғана алады. Атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар қатарына іліге алмады. Алатын 70 мың теңгесіне Әлижанның дәрілерін ғана алады.


Алмагүл Шұғайыпова, Әлижанның анасы:
70 мыңға немене аласыз. Бір дәрі ғана қанша ақша тұрады. Түгелдеріне береді. Неге маған берілмейді деп адресная помощька бардым. Жоқ маған не положено деп айтты.


Әлижанға 8 айлығында жомарт жандардың арқасында арнайы есту  аппараты сатып алынды. Көмек сұраған мұқтаж ана   ең бастысы -  баласының көзі көріп, құлағы естігенін армандайды. Жалғызбасты анаға қолұшын беремін деген қайырымды жандар болса экранда көрсетілген телефон нөміріне хабарласуларыңызға болады.

 

Айгерім ТОҚПАНҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
18:41, 15 қазан 2019
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...