Еліміздегі орташа айлық жалақысы 149 951 теңгені құрады

16:38, 2 тамыз 2017

Елімізде ең жоғары жалақыны қай саланың мамандары алатыны белгілі болды. Бұл тиуралы мәліметтерді Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі таратты.

2017 жылдың 2-тоқсанында еліміздегі бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 149 951 теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,4%ке жоғары. «Салалар бойынша ең үлкен атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметіне тиесілі, мұндағы орташа айлық - 315,3 мың теңгені құраған. Кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтегілердің еңбекақысы 253,2 мың теңге, ақпарат және байланыс саласында 222,4 мың теңге, өнеркәсіп саласында 202,3 мың теңге, құрылыс саласында 184,9 мың теңгені құрады деп жазылған баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ал ең төменгі атаулы жалақыны ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлері алады – 88,3 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 41,1%-ға төмен.

Өңірлер бойынша ең жоғарғы жалақы Маңғыстау облысында – 253,9 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есе көп.

Жамбыл облысында бұл көрсеткіш 103,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 31,3%-ға төмен.

Тақырып бойынша материалдар

Мырзашоқы тау шаңғы базасын салу жұмыстары жалғасуда
18:45, 22 ақпан 2018
Мырзашоқы тау шаңғы базасын салу жұмыстары жалғасуда
Толығырақ...
Шағын несие беру ұйымдары халықты қанап отыр
18:40, 22 ақпан 2018
Шағын несие беру ұйымдары халықты қанап отыр
Толығырақ...
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» станциясында қоршаған ортаға кері әсерді барынша азайту мақсатында 7 бірдей энергоблокқа электросүзгілер орнатылды
18:34, 22 ақпан 2018
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» станциясында қорш...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодар облысында «Назарбаев зияткерлік мектебінің» тәжірибесін қабылдайтын жетекші мектептер саны артатын болады
13:56, 21 ақпан 2018
Павлодар облысында «Назарбаев зияткерлік мектебінің» тәжіриб...
Толығырақ...
Ұлттық Ұланның Президенттік қысқы сайысы
14:11, 22 ақпан 2018
Ұлттық Ұланның Президенттік қысқы сайысы
Толығырақ...
Информатика пәні 3 сыныптан бастап оқытылатын болды
19:56, 16 ақпан 2018
Информатика пәні 3 сыныптан бастап оқытылатын болды
Толығырақ...