ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ЕЛІ СҮЙГЕН ҚЫЗ

19:53, 5 маусым 2019

Павлодар облысының дамуына өзіндік үлесін қосқан қоғам қайраткері, Қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш идеолог Алма Әжібаеваның туғанына биыл 80 жыл. Осыған орай, құрметті тұлғаны ел-жұрты еске алып, замандастары мен зиялы қауым өкілдері естеліктерімен бөліскен мәдени шара ұйымдастырылды.

Алма Мұқанқызы Әжібаева арамызда болғанда биыл 80 жасқа толар еді... Халқымыздың даңқты қызы өзінің қызметін Павлодар облыстық комсомол комитетінің  нұсқаушысынан бастап, Павлодар облыстық партия комитетінде 1981-1991 жылдар арасында он жыл қатарынан идеология хатшысы болып жалғастырған. Айта кету керек, қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш облыс идеологы. Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы елшісі, Павлодар облыстық телерадио компаниясының председателі қызметтерін адал, абыройлы атқарған. Павлодарлық  зиялы жұрт марқұмды бір минут үнсіздікпен еске алып, естелік –сырларымен бөлісті.

Боранбай Ысқақов, қоғам қайраткері:

Алма Мұқанқызы көз алдымыздан кетсе де, ол кісінің жарқын бейнесін есте сақтап келеміз. Ол бүкіл елге танымал, өте сыйлы басшы болды.

Тынымсыз еңбек, терең біліммен профессор, тарих ғылымдарының кандидаты, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері дәрежесіне жеткен Алма Мұқанқызы өз халқының адал перзенті. Өмірінің соңғы сәтіне дейін бар саналы ғұмырын халқына арнаған.

Асхат Оралов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Міне осындай, нағыз Қазақта айтады ғой, тек қана ел ағалары, азаматтарымыз емес, қазақтың батыр қыздары да көп болды, тарихымызда  насихат жұмыстарын жүргізуге уәде бере аламыз.

Залға жиналған көрермен қауымның Алма Мұқанқызына деген ықылас-құрметі шекіз екендігі бірден аңғарылады. Күбірлеп іштей күрсініп, дұға тілеуден басқа лажымыз жоқ, - дейді көпшілік. Жиылған туған-туыстары мен замандас әріптестері айтулы шараның ұйымдастырылғанына дән риза.

Рымтай Шөкеев, Павлодар облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Бүгін енді мінекей, 80 жылдығын еске алып отырмыз. Бұл ең дұрыс іс шара деп отырмыз. Алма Мұқанқызындай азаматша -  нағыз еске алатын азаматша.

Алма Мұқанқызы тіпті кейіннен зейнет жасына шыққанда да, Павлодар университетінде ұстаздық етіп, саясаттанудан сабақ берген. Қайраткер қыз  небары 64 ке қараған шағында дүниеден озды. Егер ортамызда болғанда, қоғам дамуына жан-жақты үлесін қосып, жас ұрпақтың бой түзеуіне де өлшеусіз еңбек сіңірер еді. Бірақ, жайсаң жанның жарқын бейнесін өзімен аралас-құралас қызмет атқарған замандастары мен жерлестері еш ұмытқан емес.

 

Әсел ЖАҚСЫБАЙ

 

Тақырып бойынша материалдар

«ӨРНЕКТІ ҒҰМЫР» КІТАБЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
15:10, 12 желтоқсан 2019
«ӨРНЕКТІ ҒҰМЫР» КІТАБЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...