ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ

20:25, 12 қазан 2020

Павлодарда әлеуметтік қызметтер порталы жұмыс істейді. Бұған дейін онда мүмкіндігі шектеулі азаматтар ғана қызмет ала алатын. Енді портал ауқымы кеңейді. Онда әр қызмет алушы өзіне қажетті қызметті өзі таңдай алады. Тек электронды цифрлы қолтаңба болса болғаны.

Облыста атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 14 мыңнан  асады. Жыл басынан  4467 отбасы алды. Әлеуметтік көмекті тағайындау автоматты түрде, қызмет алушының өтінішінсіз жүзеге асырылады. Елдегі жағдайға байланысты көмек алушылардың өтініштерінің мерзімі ұзартылған болатын.

Айнұр Мұқашбекова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі:

2020 жылдың қазан айынан бастап кепілдендірілген әлеуметтік пакет. Кепілді әлеуметтік пакет пилоттық режимде әлеуметтік портал негізінде жүргізілетін болады. Бұл дегеніміз, әрбір отбасы құрамында 1-6 жас аралығындағы балараға порта әлеуметтік топтаманы алатын болады.

Осылайша 2021 жылдан бастап әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тұрғындар кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен жиынтықтарымен қамтылады.

Айнұр Мұқашбекова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі:

Қазан айынан бастап осы жылдың соңына дейін бізде пилоттық жоба ретінде 12 отбасы қатысатын болатын. Келесі жылдан бастап әлеуметтік көмек алушылардың барлығы әлеуметтік порталда жұмыс жасайтын болады.

Ол үшін әлеуметтік көмек алушыларда электронды цифрлы қолтаңба міндетті түрде болуы керек. Ал оны жасаудың үш әдісі бар.   

Салтанат Ауппаева, «Азаматтарға арналған үкімет» МК ҰАК-ның ПОФ директорының орынбасары:

Мемлекеттік электронды қызметтерді алу үшін электронды цифрлы қолтаңба қажет. Бүгінгі таңда ЭЦҚ-ны үш әдіспен алуға болады. Бірінші халыққа қызмет көрсету орталығынан, ЕГОВ порталынан, үшінші әдіс егов мобайл арылы алуға болады.

Жалпы облыста жоғарыда аталған пилоттық жобаға атаулы әлеуметтік көмек алатын 213 отбасы қатысады.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар