ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПОРТАЛЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

11:26, 6 қараша 2019

Аймағымызда 15 қарашадан бастап Егов.Кз сайтында мүгедек жандар үшін әлеуметтік қызметтер порталы жұмыс жасайтын болады. Мүмкіндігі шектеулі жандар керекті құрал-жабдықтарына үйден шықпай, портал арқылы тапсырыс беріп, алады. Бүгін сала мамандары үшін сайтпен таныстыру жұмыстары өтті.

2020 жылдан бастап бүкіл ел аумағында мүгедектерге арналған әлеуметтік портал іске қосылатын болады. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандар үшін таптырмас көмекші құрал. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Павлодар мен Ақтөбе облыстарында пилоттық жобаны іске қосты. Облыс мамандары Нұр-Сұлтан қаласына барып, арнайы оқудан өтіп, сайт жұмысын әзірледі. Сала мамандары, жобаны өңір тұрғындарына таныстырды.
 

Жандос Өкенов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы:
Бұл порталдың негізгі жақсы жақтарын айта кететін болсақ. Бұл портал мемлекеттік сатып алусыз ала алады. Мүгедек өзі танысып, сол 24 көмекші құралды табады. Өзі таңдайды, сол 24 құралды таңдап, көріп, тапсырыс беруге мүмкінгіді бар.

Әзірге сайт порталы 24 бағыт бойынша жұмыс жасайды. Мүмкіндігі шектеулі жандар керекті құрал жабдықтар, таяқ, қағаз сүлгі, жөргектер, арбаға тағылатын көмекші құралдар, тазалық ұнтағын  және тағы басқа бұйымдарды кезексіз, тегін алады.  Сайт толығымен өндірілгеннен кейін оған қосымша медицианалық  мекемелерге, сөйлеу процессорларын жөндеу мен орнату және әлеуметтік қызметкерлердің көмегіне жүгіну жайында қосымша кезекке тұруға болады. Қаражатты мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар аударады. Бір айта кетерлігі ресми түрде сайт 15 қарашадан бастап e-gov.kz сайтында іске қосылады. 
 

Әйгерім ТОҚПАНҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ЕРТІС-БАЯН ӨҢІРІНІҢ ЖҮЗ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫ
12:13, 12 желтоқсан 2019
ЕРТІС-БАЯН ӨҢІРІНІҢ ЖҮЗ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...