ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ

11:10, 14 ақпан 2020

Қаламыздағы трамвай депосы мобильді валидаторлармен толықтай жабдықталған. Әр адам жол жүру ақысын картамен төлей алады. Бірақ соңғы күндері халық дау болуда. Бұған не себеп?

Трамвай басқармасы мобильді жаңа 104 қондырғыны арнайы сатып алған болатын. Бүгінде барлық вагондар валидаторлармен қамтылғанымен, жолаушылар өздерінің банк карталарынан төлемдердің мезгілсіз алынатындығын айтып шағымдануда. Ал сала мамандары құрылғылардың мұндай ақаулығына қатысты қауесетті жоққа шығарды. Егер төлем өтелмесе, бұл ең алдымен карта немесе адамның жеке есепшотына байланысты деп отыр.

Дархан Әкішев, «ВРС KAZAKHSTAN» ЖШС менеджері:

Әрине, кейбір кездерде валидатор төлемді уақытылы алмайды. Біраз күн өткеннен кейін де төлем алынуы мүмкін. Тіпті 10 күн аралық болып жатады. Жолаушылардың 10 күн бұрын қайда барғандары естерінде болмайды. Әрине тұрғындардың наразылығын біз де түсінеміз. Бұған себеп: байналыстың жеткіліксіз болуы. Мысалға дүкендерде бірден төлем есепшоттан алынады. Ал көлік, трамвайлар үнемі қозғалыста болғандықтан, мәселе туындап отыр. 

Күнделікті қарбалас уақытта жолға 80-ге жуық вагон шығады. Әрбір кондукторға валидатор бекітілген. Онда қатаң есептеу бар. Дегенмен, өткен айдың соңында тұрғындардың картасынан жол ақысы екі еселеп алынған. Трамвай басқармасы компьютерлік жүйе арқылы тексеріс жасап, ақшаны қайта жолаушы есепшотына аударып бергендігін растады.

Дархан Әкішев, «ВРС KAZAKHSTAN» ЖШС менеджері:

Осындай ақаулар болмауын, қазір қолға алып жатырмыз. Байланыс операторларымен жұмыс қолға алынды.  Жылжымалы, яғни, автобус, трамвай көліктерінде жұмысты жақсартамыз.

Күніне 2000-нан аса жолаушы карта арқылы төлем жасайды. Барлық құрылғылар жолға шығар алдында тексерістен өтеді. Толық ауысымға қуаты жетеді. Егер кенеттен олардың бірі істен шыққан жағдайда дереу алмастырылатын болады. Алдағы уақытта call  орталық та жұмысын бастамақ. Тұрғындарда қандай да бір сұрақтар туындаса жедел хабарласа алады.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар