ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАТЫН ЖЕДЕЛ ШАРАЛАР Толығырақ

ЭЛЕКТРОБУСТАР ПАЙДА БОЛДЫ

14:52, 5 шілде 2019

Тұңғыш рет Павлодар көшелерінде электробустар пайда болды. Экологиялық зиянсыз қоғамдық көліктер қала ішілік бағыттарда жүретін болады. «Ел астанасы – Нұрсұлтан» мерекелік іс шарасы аясында тағы бірнеше трамвай және дизель отынымен жүретін 20 автобус таныстырылды.

Елордасы күні қарсаңында №1 автопарк 10 электробуспен толықты. Экологиялық көлік 150 кВт қуаттылығы бар тұрақты тоқ станцияларымен қамтылған. Электробустар Қостанай қаласында жиналып, құрастырылған. Электробустар дыбыссыз әрі ауаға зиянды қалдықтарды шығармайды.

Ернар Қоңырханов, №1 автобус  паркінің директоры:

Автобустарымыз соңғы технологиямен жабдықталған. Қысқы уақытта мықты жылытушылар, терезелері стеклопакет орнатылған. жазда кондиционер бар. Бүкіл жағдайды қарап, қарастырып, жолаушылардың комфортын ойлап, соларға арнап жиналған.

Электробустармен қатар, «Аңқай» маркалы сыймдылығы көп 1-ші класстағы  20 дизельді автобус та жеткізілген. Бұл қоғамдық көліктер автобус паркін жаңарту бойынша қаржылық лизинг бағдарламасы аясында сатып алынды. Электробустың рөліне  алғашқылардың бірі болып аймақ басшысы Болат Бақауов тізгіндеп көрді.

Жаңа қоғамдық көліктің арқасында автобус паркінің жылжымалы құрамы 76% - ға дейін жаңартылады, Бұл Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен асады. Электробустар № 21, 10 және 5 бағыттарда жүретін болады.

Ернар Қоңырханов, №1 автобус  паркінің директоры:

Бұл тез заряд беретін станциялар болады. Автобустар соңғы аялдамада 10-15 мин заряд алып, жүре береді өзінің бағытымен. Бұлардң зарядтары 70 шақырымға жетеді. Қала ішінде маршрттардың бір айналымы 20-дан аспайды, сол үшін біз әр аялдамаға тоқ станцияларын қойып жатырмыз.

Автобустармен қатар, Трамвай басқармасы да жаңартылды. Жақында Беларусиядан келген кезекті трамвай вагондары таныстырылды. Қыркүйек айында тағы бес трамвай жеткізіледі.

Марина САХАРОВА.

Тақырып бойынша материалдар

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА КЕЗЕКТІ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ
19:01, 22 шілде 2019
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА КЕЗЕКТІ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ
18:55, 22 шілде 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:47, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...