«Элекор күзет» бойынша жаңадан екі фактіні анықтады

18:02, 16 наурыз 2017

Павлодар облыстық прокуратурасы «Элекор күзет» агенттігі қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы бойынша жаңадан екі фактіні анықтады. Сондай-ақ, тергеу амалдарын дұрыс жүргізбегені үшін екі бірдей оңтүстік және орталық полиция бөлімшелерінің тергеушілеріне ескерту берілген.

Анықталған екі факті де өткен жылы орын алған. 2016 жылдың 23 наурызында «Элекор күзет» агенттігінің қызметшілері «Гамарджоба» дәмханасына келуші бір адамға дене жарақатын келтірген. Нәтижесінде оның сол жақ білегінің сүйектері сынған. Аталмыш факті бойынша Солтүстік полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 252-ші бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізілуде.

ҚУАТ АРТЫҚБАЕВ, Павлодар облысы прокурорының орынбасары 

Сондай-ақ, өткен жылы аталмыш күзет агенттігі бөлімінің қызметкерлері «Бар Вест» дәмханасына келуші әйел адамға бұрыш шашатын баллон қолданып тағы бір мәрте өкілеттіктерін асыра пайдаланғандары анықталды. Бүгінде бұл жағдайға байланысты да тергеу ісі жүріп жатыр. 

ҚУАТ АРТЫҚБАЕВ, Павлодар облысы прокурорының орынбасары

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың қаңтар айында кафе қонақтарын ұрып-соққан «Элекор Күзет» агенттігінің екі күзетшісіне қатысты сот үкімі шыққан болатын.  39 жастағы Святослав Комлев пен 28 жастағы Ернар Сейітқанов "Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану" бабы бойынша айыпты деп танылып, 4,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылған болатын. Ал, қызметкерлерінің осындай бассыздығы үшін күзет агенттігінің өз басына да қара бұлт үйіріліп тұр. Құзырлы органдар элекор күзет агенттігін лицензиядан айыру мәселесін қарастыруда. 

Тақырып бойынша материалдар

Жаңа жылда ел тұрғындары  4 күн демалады
17:04, 21 қараша 2017
Жаңа жылда ел тұрғындары 4 күн демалады
Толығырақ...
ОРАЗ ДҮЗДЕНБАЕВТЫ ҚАМАУ МЕРЗІМІ 2 АЙҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
16:43, 20 қараша 2017
ОРАЗ ДҮЗДЕНБАЕВТЫ ҚАМАУ МЕРЗІМІ 2 АЙҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
Толығырақ...
Тілді балғын бойына балабақшадан сіңіру қажет екені сөзсіз
16:04, 20 қараша 2017
Тілді балғын бойына балабақшадан сіңіру қажет екені сөзсіз
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі ауысты
15:27, 15 қараша 2017
Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі ауысты
Толығырақ...
ЗАҢСЫЗ ИМПОРТ ОТАНДЫҚ ӨНДІРУШІГЕ КЕДЕРГІ
15:13, 15 қараша 2017
ЗАҢСЫЗ ИМПОРТ ОТАНДЫҚ ӨНДІРУШІГЕ КЕДЕРГІ
Толығырақ...