«Элекор-Күзет» агенттігінің күзетшілеріне қатысты сот үкімі шықты

14:41, 6 қаңтар 2017

Павлодарда кафе қонақтарын ұрып-соққан «Элекор Күзет» агенттігінің екі күзетшісіне қатысты сот үкімі шықты. 39 жастағы Святослав Комлев пен 28 жастағы Ернар Сейітқанов "Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану" бабы бойынша айыпталған болатын. Енді "Соттың үкімімен сотталушылар айыпты деп танылып, 4,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, сотталғандар енді күзет қызметімен бес жылға дейін айналыса алмайды. Айта кетейік, сотталушылар сот залында істеген әрекеттерін толықтай мойындады. "Мен үш ай бойы қамауда болдым. Осы уақыт бойы отбасымды көргім келді. Мен бұл қылмысты әдейі жасамадым, ешқандай да жаман ойым болған жоқ. Өзімнің жасаған әрекетіме ұяламын. Адамдар мен Құдайдың алдында осы ісім үшін өкінемін", - деп айтты соңғы сөзін Святослав Комлев. Екінші сотталушы Ернар Сейітқанов да кінәсін толықтай мойындады. Бірақ ол ешқандай да газ баллонын қолданбағанын айтып өтті. Ол тек кафе қонақтарына газ баллоны бар екенін ескерткен екен. Еске салайық, Павлодарда автомат асынғандардың ер адамдарды аяусыз ұрып-соққан видеосы пайда болған еді. Ролик кадрларында автомат асынған және форма кигендер кафелердің бірінде ер адамдарды аяусыз ұрып-соққаны көрінеді. Видеоға түсіріп отырғандар оларды сабырға шақырады. Алайда олар құлақ аспайды.
 

Тақырып бойынша материалдар

Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
20:37, 22 қыркүйек 2017
Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
Толығырақ...
Облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті
20:25, 22 қыркүйек 2017
Облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті
Толығырақ...
Павлодарлық судьялар латын әліпбиін қолдайды
20:23, 22 қыркүйек 2017
Павлодарлық судьялар латын әліпбиін қолдайды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Железин ауданына ОҚО-нан қоныс аударған отбасы
20:13, 22 қыркүйек 2017
Железин ауданына ОҚО-нан қоныс аударған отбасы
Толығырақ...
Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
20:37, 22 қыркүйек 2017
Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
Толығырақ...
«Адал ұрпақ» облыстық жастар слеті өтті
19:00, 19 қыркүйек 2017
«Адал ұрпақ» облыстық жастар слеті өтті
Толығырақ...