ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАР ШЫБЫН ШІРКЕЙМЕН КҮРЕСУГЕ САҚАДАЙ САЙ Толығырақ

ЕЛДІ-МЕКЕНДЕРДІҢ 78 ПАЙЫЗЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЗ СУҒА ҚОСЫЛАДЫ

15:48, 16 сәуір 2018

2020 жылға дейін өңірдегі елді-мекендердің 78 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылады. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш не бәрі 23,8% ғана. Сондықтан алдағы бір-екі жылда аймақтағы 278 ауылдың 101-і тіршілік нәріне қол жеткізбек. Бұл туралы бүгін облыстық әкімдікте өткен аппараттық жиында айтылды. Биыл қанша ауыл орталық суға қосылады? Бұл жайында тілшіміз айтып берсін.

Биыл аймақ бойынша елді-мекендерді таза ауыз сумен қамтуға 37 жоба әзірленді. Осы арқылы 41 ауылға орталық су жүйесі тартылмақ. Бұған қазынадан 13,1 млрд теңге бөлінген.  2018 жылы 4 аудан орталығы, 11 тірек ауыл мен 26 елді-мекен  орталықтандырылған тіршілік нәріне қол жеткізеді деп күтілуде.   

ҚАДЫЛЖАН СӘТИЕВ  - Павлодар облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы

Жылдың аяғына дейін 17 жобаны аяқтау жоспарлануда. Және орталықтандырылған сумен қамту көрсеткіші 23,8 пайыздан 27,9 пайызға дейін ұлғаяды. Қалған 20 жоба 2019 жылға ауысады.

Осылайша өңірдегі 365 елді мекеннің 87-сі орталық су  жүйесіне қосылады. Қалған 278 ауылдың  101-і 2020 жылға дейін таза ауыз сумен қамтылмақ. Олардың 15-і биылғы жылы аяқталса, 22 ауылда су құбырын тарту жұмыстары осы жылы басталады. Ал 13 елді-мекен Май топтық су құбыры жобасына енгізілсе, 29 ауылдың жобалау сметалық құжаттары әзірленуде. Сондықтан, жиында аймақ басшысы тіршілік көзін тартуда құрылыс жұмысының сапасына мән беруді тапсырды.

БОЛАТ БАҚАУОВ, Павлодар облысының әкімі

Су құбыры тартылды. Оған  белгілі мөлшердегі тариф бекітілді. Бұл қызметке тұрғындар ақы төлеп отыр. Сондықтан, құрылысты жүргізетін мердігерлермен нақты жұмыстар жүргізуіміз керек.

Сонымен қатар биыл өңірдің 3 қаласында су құбырыларын жаңғырту бойынша жұмыстар басталма. Ол үшін қазіргі таңда жобалау сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілген. Осылайша, 2020 жылға дейін өңірдегі елді-мекендердің 78 пайызы орталық сумен қамтылмақ.

Өзгеріс ҚУАНАР

Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары, ауыз су, таза су, 

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАРДА ЖОЛДАРДЫ ЖАМАУҒА 504 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
10:14, 20 сәуір 2018
ПАВЛОДАРДА ЖОЛДАРДЫ ЖАМАУҒА 504 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА 79,4 МЛН ТЕҢГЕ СУБСИДИЯ БӨЛІНДІ
10:05, 20 сәуір 2018
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА 79,4 МЛН ТЕҢГЕ СУБСИДИЯ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
15:01, 19 сәуір 2018
ПАВЛОДАРДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПАВЛОДАР ШЫБЫН ШІРКЕЙМЕН КҮРЕСУГЕ САҚАДАЙ САЙ
14:56, 18 сәуір 2018
ПАВЛОДАР ШЫБЫН ШІРКЕЙМЕН КҮРЕСУГЕ САҚАДАЙ САЙ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРЛЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІРІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
17:33, 18 сәуір 2018
ПАВЛОДАРЛЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІРІНЕ ҚАБЫ...
Толығырақ...
ПАВЛОДАРЛЫҚ ЖУДОШЫЛАР ЮРМАЛАДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
10:43, 17 сәуір 2018
ПАВЛОДАРЛЫҚ ЖУДОШЫЛАР ЮРМАЛАДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
Толығырақ...