ШҰҒЫЛ! ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУДАҒЫ ЕРЕЖЕЛЕР Толығырақ

ЕЛБАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАЛАРЫ

12:50, 14 қаңтар 2020

2019 жылы Павлодар облысына еңбекке жарамды адамдары мол аймақтардан 600 отбасы көшіп келді. Қоныс аударған 2,5 адам кәсіпкерлік негіздерін үйреніп, өз бизнесін дамытуға грант ұтып алды.

Аймағымызда «Алғашқы жұмыс орны» және «Келісім шарттар буыны» атты жобалары енгізілуде. «Елбасының әлеуметтік бастамаларының» жүзеге асу барысы жайлы  баспасөз мәслихатында белгілі болды. Өткен жылы 40 мыңға жуық адам «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы атанды. Оның 49% жұмыссыз болса, 22% өзін-өзі жұмыспен қамтушы тұлғалар. Бағдарламаға «Алғашқы жұмыс орны» және «Келісім шарттар буыны» деп аталатын жаңа жобалар енгізілді.

Хелуа Қашкенова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

«Алғашқы жұмыс орны» деген жобаның жастар тәжірибесінен айырмашылығы - тұрақты жұмыс орны жұмыс берушімен келісім шарттың жасалауында. Құжат 2 жылға жасалады. Оның бірінші жылы бюджеттен қаржыландырылады. Ал «Келісім шарт буыны» - жұмыссыз азаматтар 1-ден 6 айға дейін тұрақты жұмыспен қамтылады. Қаржыландыру 20 айлық есептік көрсеткіш ретінде бюджеттен жүргізіледі.

Биылғы жылы кәсіпкерлерге берілетін мемлекеттік гранттың көлемі бекітілді. Өз бизнесін дамытуға арналған гранттың құны 200 айлық есептік көрсеткішке дейін артқан. Бұдан бөлек, көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін арнайы шағын несиелендіру жүйесі енгізілді.

Хелуа Қашкенова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

Шағын несиелендірудің мерзімі бұрын 5 жылға дейін болса, енді 7 жылға дейін ұзартылды. Сыйақы мөлшерлемесі 4 % көеп емес, осыған дейін 6% болды. Бұл жеңілдік көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін. «Атамекен» филиалы бизнес жүргізу бойынша 2 жыл бойы бағыт береді. Бұрынғы қолдау 12 ай ғана болатын. 

Өткен жылдан бастап Қазақстанда «Электронды еңбек биржасы» атты жаңа жоба жұмыс істей бастады. Павлодар облысында былтыр 49 мың бос жұмыс орны тіркеліпті. Оның 35 мыңы электронды еңбек биржасында рәсімделген. Жаңа жобаны 2,5 мың жұмыс беруші қолданыпты. Осының нәтижесінде, 5000 жұмыс іздеуші адам жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмекті алатын 7 мың отбасына азық-түлік және гигиена заттары салынған дорбалар берілетін болады.

Гүлнәр Қамалова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

Азық-түлік қалталары күнделікті тамақтануды қамтамасыз етпейді. Бұл дәруменді үйлестірілген тағамдар. Оның ішіне түрлі жармалар мен қоспалар кіреді. Ақпанның 10-нан бастап бере бастаймыз.

Гүлнәр Қамалованың айуынша, атаулы әлеуметтік көмекті алатын отбасылар бұл қаржыны – жалға алатын пәтер ақысын өтеп, несиені төлейді екен. Сол себепті, мұндай жаңашылдық - балаларға арналған әлеуметтік қалта болады.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
12:52, 17 қаңтар 2020
БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...