Елбасы Н.Назарбаев бүгін Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовты қабылдады

17:56, 19 сәуір 2017

Елбасы Н.Назарбаев бүгін Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовты қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Ішкі істер министрі қылмыстық ахуал және жергілікті полиция қызметін одан әрі реформалау аясында қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады, сондай-ақ түзету мекемелерінің жағдайы мен Ұлттық ұланның жұмысы туралы мәлімет берді.

Бұдан бөлек, Қ.Қасымов су тасқынына байланысты ахуал және Астана мен республика облыстарында төтенше жағдайдың алдын алу бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы хабардар етті.

Нұрсұлтан Назарбаев елдегі қылмыспен күресті күшейту және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ, Елбасы су тасқынынан зардап шеккен барлық өңірлердің жағдайы мен тіршілігін қалпына келтіру үшін кешенді іс-қимылдарды жүзеге асыруды тапсырды.

Кездесу соңында бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Тақырып бойынша материалдар

Ленин кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен бүркітшілер сайысы болды
18:46, 22 қаңтар 2018
Ленин кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен бүркітшілер сайысы б...
Толығырақ...
Қазақстан бойынша «Автобус» жедел-профилактикалық шарасы өткізіледі
18:22, 22 қаңтар 2018
Қазақстан бойынша «Автобус» жедел-профилактикалық шарасы өтк...
Толығырақ...
55/12 сарбаздары Отан алдында ант берді
18:08, 22 қаңтар 2018
55/12 сарбаздары Отан алдында ант берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛДАУДЫ ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ЖОСПАР БЕКІТІЛДІ
13:34, 19 қаңтар 2018
ЖОЛДАУДЫ ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ЖОСПАР БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...
Берковский жұртшылықпен кездесу өткізді
18:26, 17 қаңтар 2018
Берковский жұртшылықпен кездесу өткізді
Толығырақ...