ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ЕЛБАСЫ – ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

10:37, 4 желтоқсан 2019

Демалыс күндері Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы – елдің тірегі» атты концерті өтті. «Шаңырақ» орталығында өткен шараны шаһар тұрғындарымен қатар қала қонақтары да тамашалады.

Бүгінде ел тарихына алтын әріптермен жазылатын 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті 2012 жылдан бері ресми түрде тойланып келеді. Елбасына деген ел құрметін айғақтауға арналған бұл мереке жыл өткен сайын халықтық мерекеге айналып келеді. Концерттік бағдарлама барысында хор, ансамбль және жеке әнші, күйшілердің орындауындағы шығармалар көреремен қошеметіне бөлінді.

Мейрамгүл Әбутәліпова, «Шаңырақ» орталығының көркемдік жетекшісі:

Біздің концертімізге әр түрлі көрермендеріміз жыл сайын келіп отырады. Көптеген шараларға қатысып отырады. Ақ жаулықты аналарымыз дегендей, жас ұрпақтарымыз мерекені тамашалауға келеді.

Мерекелік кеште Елбасының сүйіп тыңдайтын әндері де шырқалды. Олардың қатарында, халыққа белгілі «Сәулем-ай», «Үшқоңыр», «Беу айдай» әндері бар. Сондай-ақ, орыс тіліндегі әндер де көреремен назарына ұсынылды.

Серік Рысбек, «Шаңырақ» орталығының әншісі:

Елбасымыздың жақсы көретін әндерін айтудың өзін біз үшін бақыт деп біз білеміз. Сондықтан осы мереке мерекеге ұласа берсін дейміз. Еліміз аман болсын, жұртымыз тыныш болсын, тәуелсіз еліміз мәңгі жасай берсін. Тұңғыш Елбасы Президент күні құтты болсын дейміз.

Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік концерт айрықша әсер қалдырды. Жиналған жұрт тамаша ән күймен сусындап, көңілді тарқасты.

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
10:17, 19 ақпан 2020
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
Толығырақ...