ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ЭКСТРЕМАЛДЕР МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

19:50, 3 маусым 2019

Қаламыздағы әуесқой автосүйер қауым тас жолды бағындыруға алаңға шықты. Өткен демалыс күндері жастар жылы қарсаңында қала сыртында орналасқан автодромның кезекті ашылу рәсімі өтті. Спорттың экстремалді түрін жақсы көретін тұрғындармен бірге біз де салтанатты шараға қатысып қайтқан бо латынбыз.

Павлодар қаласының әкімдігі мен автоклубтардың бірлескен шарасы жоғары деңгейде өтті.  Алаңға көлік жүргізу шеберлігі мықты, экстрим сүйер қауым жиналды. Кештің өтуіне мұрындық болып отырған белсенді жастар қаламыздың сауықтыру орталықтарындағы мүмкіндігі шектеулі жандарды арнайы шақырған. Салтанатты ашылу рәсімінен кейін, спортшылар ортағы шығып, өз өнерлерін көрсетті.

Екатерина Васильева, «Ритм» жастар шығармашылық орталығының төрайымы:

Павлолдар қаласының автоклубтарымен, қалалық әкімшілікпен бірлесіп ұйымдастырып отырмыз. Барлығы да келісілген. Кез-келген тілек білдіруші арнайы тіркеуден өтіп, жаны қалаған жөлікпен өнерін көрсете алады. Сонымен қатар мотоциклдермен суретке түсіге де болады. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған шара, викторина ойындары, барлығы да келушілердің көңілінен шығады деп ойлаймын.

Шара барысында мото спортты жанына серік еткендер де кештің көркін кіргізді. Түрлі ойындар ұйымдастырылып, кеш соңында жиылған жұртшылыққа дәмді палау үлестірілді. Сондай-ақ, келушілердің кез-келген көлік түрімен суретке түсу мүмкіндігі болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әдетте автодромның ашылу рәсімі салтанатты түрде өтпейтін. Соңғы жылдары халықты осы салаға көптеп тарту мақсатында, сонымен қатар, экстремалды спортшылардың мүмкіндігін сынау мақсатында мықтап қолға алына бастаған.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚ
21:44, 13 шілде 2020
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ҚАШЫҚТАН КӨРСЕТІЛЕДІ
21:39, 13 шілде 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ҚАШЫҚТАН КӨРСЕТІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар