"ЭКСПО-2017" көрмесі аяқталды

18:00, 11 қыркүйек 2017

Жылдың басты оқиғасы, 3 айға созылған "Астана ЭКСПО-2017" көрмесі осымен аяқталды. Халықаралық шараның жабылуына Түркия, Иран,Пәкістан сынды 15 мемлекеттің Үкімет басшылары қатысты.

Салтанатты шараның аяқталу кешіне 370 шетелдік БАҚ өкілі келіп, хабар таратты. Жабылу рәсімінде мультимедиялық шоу ұйымдастырылып, «болашақтың энергиясына» қатысты бірнеше жоба таныстырылды. Сонымен қатар, «Адам қуаты» деп аталатын ерекше акция ұйымдастырылды. Онда Елбасыдан бастап қонақтар қол ұстасып, бір-біріне қуат беріп, «Нұр Әлемге» жарық сыйлады. Бұл тізбек 2 232 адамнан құралды. Себебі, ЭКСПО көрмесі де  2 232 сағатқа жалғасқан екен. Жалпы, 3 ай бойы, көрмеге  әлемнің 178 мемлекетінен 4 миллионға жуық адам келген. Осы уақытта, 3 жарым мың мәдени шара ұйымдастырылып, 33 мыңдай әртіс өнер көрсеткен. Сондай-ақ, ЭКСПО-2017 көрмесінде адамзат өміріне елеулі өзгерістер әкелген 153 жаңа өнертабыс таныстырылған. Айта кетейік, ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесі маусымның 10-да басталған. Көрмеге 112 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысып, «Болашақтың энергиясы» тақырыбында 130-дан астам экспозиция ұсынды.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚР Президенті

Тақырып бойынша материалдар

Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
20:37, 22 қыркүйек 2017
Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
Толығырақ...
Облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті
20:25, 22 қыркүйек 2017
Облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті
Толығырақ...
Павлодарлық судьялар латын әліпбиін қолдайды
20:23, 22 қыркүйек 2017
Павлодарлық судьялар латын әліпбиін қолдайды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Железин ауданына ОҚО-нан қоныс аударған отбасы
20:13, 22 қыркүйек 2017
Железин ауданына ОҚО-нан қоныс аударған отбасы
Толығырақ...
Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
20:37, 22 қыркүйек 2017
Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
Толығырақ...
«Адал ұрпақ» облыстық жастар слеті өтті
19:00, 19 қыркүйек 2017
«Адал ұрпақ» облыстық жастар слеті өтті
Толығырақ...