«ЭКСПО-2017» көремесі бойынша Павлодар облысында 5 туристік маршрут бекітілген болатын

18:14, 19 сәуір 2017

Ағымдағы жылдың 10-маусымы мен 10-қыркүйегі аралығында елмізде «ЭКСПО-2017» көрмесі өтетіні белгілі. Ал осынау халықаралық шараға әлемнің бірқатар елдерінен мыңдаған, миллиондаған қонақ келеді деп күтілуде. Осы орайда, біздің Павлодар облысы да әлемнің түкпір-түкпірен келетін қонақтарды қабылдайтын өңірлердің қатарына енді. Ендеше, біздің аймақтың айтулы шараға дайындық барысы қандай, туристік кластер саналатын Баянауылда қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Осы және өзге де сауалдарға тілшіміз жауап іздеп көрді.

«ЭКСПО-2017»  көремесі  бойынша  Павлодар облысында 5 туристік маршрут бекітілген болатын.  Соның ең негізгілерің  бірі –Баянауыл  ауданы. Өйткені,  ежелден туристік мекен саналатын  Баянаула өңірінің әсем табиғаты  шетелдіктер мен өз еліміздің қонақтарын  өзіне тартпай қоймасы анық.  Аталмыш ауданда дайындық жұмыстары  былтырдан басталып кеткен болатын. Қазіргі күнде аудан  әкімдігі туризмді дамыту мақсатында 3 бағыт бойынша жұмыс жүргізуде. Яғни, Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр көлдерінің маңаты таңдалынып алынған.  Аудан орталығы Баянауыл мен Торайғыр ауылында  бір қатар абаттандыру  жұмыстары жасау жоспарланып отыр.   

ӘЗІЛХАН ӘБЕУОВ, Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары

Сонымен қатар ауданда  туристердің келіп кетуіне қолайлы болу үшін   шағын  аэродром салу бойынша  жұмыстар атқарылуда. Шағын ұшып-қондыру алаңы салынатын орында белгіленіп қойылған.   Құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігерде таңдалынды. Көп ұзамай  алаңды  салу  басталмақшы.

Бүгінгі таңда  Баянауыл  келген қонақтарды қабылдау бойынша 13 туристік бағытты белгілеп отыр. Оның ішінде Жасыбай демалыс аймағы, Қоңыр Әулие үңгірі, Кемпіртас, Торайғыр көлі, Сабындыкөл  секілді көрікті мекендер бар. Осы  әсем  табиғатты  туристерге көрсету мақсатында биыл тұңғыш рет  атпен жүру арқылы  табиғатты тамашалайтын тағы бір туристік бағыт ашылып отыр.

СҮЙІНДІК АХМЕТЖАНОВ, Баянауыл Ұлттық табиғи паркінің директоры

Сондай-ақ, биылғы жылы  туристік аймаққа көлікпен  келетін демалушылар үшін автокемпинг  жүйесі  қолға алынғалы отыр.  Бұл бойынша келушілерге  қажетті  жағдай жасалмақшы. Жалпы айтқанда, Баянауылда дайындық  жұмыстары  рет-ретімен жүзеге асырылуда.  Аудан әкімнің орынбасары Әзілхан Әбеуовтің айтуынша  ЭКСПО-ға дайындық шаралары   көрменің басталуына  аяқталатын болады.

Осы ретте айта кетейік,  облысымызда ЭКСПО-ға туристерді апару бойынша  туристік  фирмалар қызмет көрсетеді.  Мәселен, Баянауылға бір күндік сапар аймақ тұрғындары үшін 9500 теңгені құрамақ. 

ГҮЛМИРА ОТАРҒАЛИЕВА, Саят-Павлодар туристік фирмасының директоры

Баянауылда ЭКСПО көрмесі барысында туристерге  түрлі  мәдени- ойын сауық бағдарламалары ұйымдастырылатын болады. Сонымен қатар  қонақтарға этноауылдар құрылып, қызмет көрсетеді. Онда қазақтың ұлттық  тағамдары, ойындары, салт-дәстүр, жөн-жоралғылары  да таныстырылады. Бір сөзбен айтқанда, қазақ халқынның  ұлттық менталитеті  көпшіліке  паш етілмек.

Автор: Өзгеріс Қуанар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Ленин кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен бүркітшілер сайысы болды
18:46, 22 қаңтар 2018
Ленин кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен бүркітшілер сайысы б...
Толығырақ...
Қазақстан бойынша «Автобус» жедел-профилактикалық шарасы өткізіледі
18:22, 22 қаңтар 2018
Қазақстан бойынша «Автобус» жедел-профилактикалық шарасы өтк...
Толығырақ...
55/12 сарбаздары Отан алдында ант берді
18:08, 22 қаңтар 2018
55/12 сарбаздары Отан алдында ант берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛДАУДЫ ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ЖОСПАР БЕКІТІЛДІ
13:34, 19 қаңтар 2018
ЖОЛДАУДЫ ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ЖОСПАР БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...
Берковский жұртшылықпен кездесу өткізді
18:26, 17 қаңтар 2018
Берковский жұртшылықпен кездесу өткізді
Толығырақ...