ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАСАҚ ІСКЕ КІРІСТІ

16:13, 22 мамыр 2020

Павлодарлық «Жасыл ел» жастар штабының шағын жасағы жұмысын бастады. Балғындар жазғы уақытта көгалдандыру жұмыстарына үлес қосып, тазалықты сақтау үшін жұмысқа кіріскен.

Мамыр айында «Жасыл ел» жастар жасағының  «Эко мектеп» экологиялық жасағы жұмысын бастады. Елдегі коронавирус жағдайына байланысты отрядтардың қызметі өткен жылмен салыстырғанда 2 айға кейінірек басталды. Балалар мен жасөспірімдер экология және туризм орталығында, отыз сарбаз, маусым-тамыз айлары аралығында жұмыс істейді. Олар гүлзарлар мен ағаштар, көкөніс отырғызу, оларды күтіп баптаумен айналысады. Үш кезең бойынша жұмыс істеп, көгалдандыру жұмысына үлестерін қосады.

Абай Уахит, облыстық «Жасыл ел» штабының басшысы:

Қазіргі экологиялық жасақ туралы айтып кетсек, бұл жерде бізде 10 сарбаз 29мың теңге жалақыға жарты күн бойы осындай жеміс-жидектерді отырғызып, көптеген ағаштарды егіп, өздеріне тәжірибе жинап, ертеңге де үлкен тәжірибе өмірде керек болады бұл нәрсе. Басты жұмыстар бізде тек жаздың ортасында барлоық аудандар мен қалалар Екібастұз, Ақсу қалалары жұмысқа кірісетін болады.

Ал, «Жасыл ел» жастар жасағының қала, аудандардағы экологиялық отрядтары жұмысын бастады. Күні кеше іске кіріскен экожасақтың жұмысы қызу. Көгалдандыру жұмыстарынан бөлек, экскурсиялар өткізіп, спорттық шараларға қатысады. Жалпы, бұндай жиын шығармашылық қабілеттің дамуына ықпалын тигізеді дейді, жас сарбаздар.

Арман Тұрсынов, жас сарбаз:

Жұмысқа келгеннен бастап мен жаңа таныстар тауып, гүл отырғызып, оларды күтіп дегендей жұмыстарға кірістім. Жалпы маған жұмыс өте ұнайды. Бірінші күннен бастап, тәжірибе жинадым.

Әзірше шағын жасақтардың жұмысы қарқынды. Ал, штабтың басты жасағы маусым айында іске кіріседі. Биылғы жылы «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыруға облыс бойынша 1500 адам қатыспақ. Олар үш бағыт бойынша жұмыс атқарады. Бірінші бағыт абаттандыру көгалдандыру жұмыстары. Екіншісі құрылыс және қайта жаңарту болса, үшінші бағытта волонтерлік-педагогикалық, медиа-жасақтардың қызметі және әр түрлі шараларды өткізу  жоспарланған.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚ
21:44, 13 шілде 2020
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ҚАШЫҚТАН КӨРСЕТІЛЕДІ
21:39, 13 шілде 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ҚАШЫҚТАН КӨРСЕТІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар