ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА, ӘРІ ҮНЕМДІ

10:22, 19 ақпан 2020

Жасыл экономиканы қолдаймыз. Ленин кентіндегі №31-ші мектеп екінші жыл қатарынан мектеп ішін биомасса арқылы жылытып келеді. Қарапайым қатты отынның орнына сығылған шөпті пайдаланады.

Биомассамен ғимаратты жылыту жүйесі 2018 жылдың тамызында іске қосылған. Басты идеч ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінен кейін туындапты. Мұның ерекшелігі – экологиялық тұрғыза таза. Екіншіден үнемді және өте арзан. Бұдан бөлек, пешті кез-келген өсімдік қалдықтарымен де жағуға болады.

Азамат Жексенов, №31 ЖОББМ директоры:

Біз бұған дейін дизельді отынды пайдаланып келдік. Бірақ, бұл қауіпсіздік нормаларына сай емес. Онымен қоса ол мектептің ішінде орналасқан еді. Содан кейін сыртқа жеке салуды жөн көрдік. Қазіргі ол био отырмен жағылады. Ауа температурасында ешқандай айырмашылық жоқ. Жылу барлық стандартқа сай.

Қазандықтың құрылыс жұмысына 19 млн теңге жұмсалған. Қазіргі таңда аталымш мектеп отын алуға 5 млн теңгедей үнемдеп отыр. Бұған дейін ғимаратты жылыту үшін 54 мың тоннадай дизельдік отыр жұмсалатын. Бұл шамамен 7 млн теңдеген жоғары. Жаңа жүйе енгізілгелі бері 3 млнға жуық қаражат жұмсалады. Яғни, бір маусымда 265 тонна биомасса қолданылады.

Александр Тарабанов, от жағушы:

Шөп жақсы жанады, көмірден қарағанда. Шаң тозаң жоқ. Барлығы таза. Біз тәулігіне 2,5 сағат арақашықтықпен 80-90 бума саламыз.

Мектеп іші де жылы. Тіпті, қатты аязды күндері ғимарат ішіндегі температура өзгермейді.

Ақбота Сәрсембаева, 8-сынып оқушысы:

Осы оқыған жылдарымда бірде-бір рет маған өте суық болған жоқ. Осы жылдан бастап, қыстан бері бізде мектеп өте жылы, жарық. Біз өзімізді жақсы сезінеміз. Басқа мектептерге қарағанда бізде өте жақсы условиялар жасалынған. Менің ойымша отын ретінде шөпті қолданған өте ыңғайлы. Себебі бізде көмір қоры азайып келе жатыр.

Қазіргі таңда №31 жалпы орта білім беру мектебі алғашқы болып жасыл экономикаға ат салысуға қадам жасап отыр. Бұл экологиялық тәзә, әрі үнемді.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ, Вероника ВИШНЕВСКАЯ

Тақырып бойынша материалдар

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
11:31, 31 наурыз 2020
ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...