ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

15:06, 20 маусым 2019

Қоршаған ортаны қорғау мәселесі еліміздегі негізгі өзекті мәселелердің бірі. Осы орайда Достық үйінде аймақ басшысы Болат Бақауовтың қатысуымен «Павлодар облысындағы экологиялық ахуал жайында» қоғамдық кеңес отырысы өтті. Жиналған қауым, бұл бағытта атқарылатын бес жылдық іс шаралар жоспарын талқылап, меморандумға қол қойды.

Экологияның ластануы тұрғысынан Павлодар өңірі республика бойынша  екінші орында дейді мамандар. Бірінші орында  Қарағанды мен үшінші Өскемен қаласы. Бұл қалалардың қорғашан ортасы қөңіл көншітпейді. Күн сайын елімізде жұмыс жасайтын  ірі кәсіпорындарымен зауыттар ауаға зиянды қалдықтарын таратады.  Жақында ғана елімізде экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылған болатын. Аталмыш ведомства енді тыңғылықты жұмыс жасайды деп сеніп отыр мамандар. Электро станциялар мен зауыттардан түсетін зиянды заттар ауаны ластайтыны сөзсіз. Облыстық экологиялық технология орталық мамандарының айтуынша, кәсіпорындар керекті сүзгі қойса да мәселел шешілмей отыр.
 

Ақан Өмірбек, облыстық экологиялық технологиялар орталығының директоры:
Соңғы жылдары өңіріміздің өндірістік кәсіпорындар жоғары сапалы  ауаны тазартатын сүзгілерді орнатқан болатын.  Қоршаған ластау деңгейі төмендді деп айтуға болады. Алайда,  бұл 30 пайызға ғана төмендетіп отыр.


Жалпы биылғы жылы түрлі түсті металлургиядан 17 пайыз, қара металлургиядан 5,6 және мұнай өңдейтін кәсіпорындардан 3,7 т пайыз  ауаға зиянды заттар шыққан. Бұл көрсеткіштің санын азайту үшін бюджеттен 703 млн теңге бөлінген. Отырыс барасында мамандар бұл мәселені үнемі назарда ұстау керектігін тілге тиек етті.

 

Әйгерім ТОҚПАНҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚ
21:44, 13 шілде 2020
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ҚАШЫҚТАН КӨРСЕТІЛЕДІ
21:39, 13 шілде 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ҚАШЫҚТАН КӨРСЕТІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар