Әкімдік. Бюджеттің атқарылуы

17:31, 3 тамыз 2017

Ағымдағы жылдың 7 айында өңірде бөлінген қазына қаржысының 4 млрд теңгесі игерілмеген. Мәселен, бір ғана облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы биылғы жылға бөлінген қаржының тек 26% ғана игерген. Әлі 73,8 % немесе 98 млн теңгесі игерілмей тұр. Осы және өзгеде сұрақтар бүгін облыстық әкімдікте 2017 жыл бюджетінің атқарылуы жайында өткен алқалы жиында айтылды.

Облыстық қаржы басқармасының басшысы Илдар Хасеновтың  мәліметінше, осы жылы қазынаға түсетін салықтық түсімдер көлемі азайып кеткен.  7 айда  қазына қаржысы 57,1 % -ке ғана толыққан. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда,  аз  көрсеткіш дейді  басқарма басшысы.

Ал жарты жылда облыс бюджетінде 4 млрд теңге  игерілмеген. Атап айтқанда, бұл көшті қалалардан Ақсу бастаса, аудандардан Баянауыл көш басында тұр. 

ИЛДАР ХАСЕНОВ, облыстық қаржы басқармасының басшысы

Сонымен қатар қазына қаржысын игеру  жағынан өңірлік басқармалардың да,  көрсеткіштері көңіл көншітпейді. Мәселен,  бір ғана облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы биылғы жылға бөлінген қаржының тек 26%-ін  ғана жұмсалған. Әлі 73,8 %  немесе 98 млн теңгесі игерілмеген.  Бұл қатарда  облыстық  Төтенше жағдайлар және ішкі істер департаменттері мен ветеринария  басқармасы да бар.     

ИЛДАР ХАСЕНОВ, облыстық қаржы басқармасының басшысы

Жиында бюджет қаржатының уақытылы игерілмеу себептер сөз болды. Көбіне  бұл мәселе де конкурс өткізуде мердігерлердің талапқа сай болмау себебіннен,  аталмыш конкурстар бірнеше мәрте өткізіледі. Осының салдарынан олар уақыт ұтырып, қазына қаржысы дер кезінде  жұмсалмаған. Мәселен,  Ақсу қаласына қарасты Қызылжардағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенін салуда  20 млн теңге игерілмеген. Бұған да мердігердің  жұмысты уақытылы атқармауы себеп болған. Сол себептен де,  аймақ басшысы аталмыш қала әкіміне мердігермен  жұмыс жүргізу керектігін айтты. 

БОЛАТ БАҚАУОВ, Павлодар облысының әкімі

Жиын соңында өңір басшысы  орынбасарлары мен аудан және қала әкімдеріне, сондай-ақ, басқарма басшыларына қазына қаржысының уақытылы және жүйелі түрде  игерілуіне қамтамасыз етуді тапсырды. 

Тақырып бойынша материалдар

Мырзашоқы тау шаңғы базасын салу жұмыстары жалғасуда
18:45, 22 ақпан 2018
Мырзашоқы тау шаңғы базасын салу жұмыстары жалғасуда
Толығырақ...
Шағын несие беру ұйымдары халықты қанап отыр
18:40, 22 ақпан 2018
Шағын несие беру ұйымдары халықты қанап отыр
Толығырақ...
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» станциясында қоршаған ортаға кері әсерді барынша азайту мақсатында 7 бірдей энергоблокқа электросүзгілер орнатылды
18:34, 22 ақпан 2018
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» станциясында қорш...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодар облысында «Назарбаев зияткерлік мектебінің» тәжірибесін қабылдайтын жетекші мектептер саны артатын болады
13:56, 21 ақпан 2018
Павлодар облысында «Назарбаев зияткерлік мектебінің» тәжіриб...
Толығырақ...
Ұлттық Ұланның Президенттік қысқы сайысы
14:11, 22 ақпан 2018
Ұлттық Ұланның Президенттік қысқы сайысы
Толығырақ...
Информатика пәні 3 сыныптан бастап оқытылатын болды
19:56, 16 ақпан 2018
Информатика пәні 3 сыныптан бастап оқытылатын болды
Толығырақ...