ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ӘКІМ УӘДЕСІН ОРЫНДАДЫ

16:55, 7 желтоқсан 2019

«ERTIS» телеарнасының төл жобасы «ӘКІМ САҒАТЫ» хабарында Май ауданының әкімі ағайынды жетім балаларды баспанамен қамтамасыз етуге уәде берген. Марат Ақтаев сөзінде тұрып, уәдесін орындады.

Марат Ақтаев, Май ауданының әкімі:

Әлеуметтік жағдайы төмен жандар келіп, үй сұраған. Ол адам қайтыс болып кетті. Балалар жетім қалған. Ертең болмасын, бір күні жалдаған пәтерлерінде тұрады. Далада қалуы әбден мүмкін. Төрт балаға үй мәселесін шешіп беремін. Жылдын аяғына дейін уәде беремін. Жаңа жылды өз баспаналарында қарсы алса деймін.

Баспана тауқыметін тартқан жетім балаларға мұндай қуанышты әкімнің өтінішімен жергілікті кәсіпкерлер сыйлады. Енді, балалардың өз баспанасы бар.  Бұған дейін олар пәтер жалдап келген. Аудан орталығынан тұрмысқа жайлы  бес бөлмелі үйдің кілтін аудан әкімі Марат Ақтанов салтанатты түрде табыс етті. Ата-ананың қарауынсыз қалған ағайынды Ковалевтар басыбайлы баспаналы болғандарына әлі де сене алар емес. Аналарынан жақында айырылған балалар үлкен ағасының қолында. Ең кішісі мектепте оқиды. Мұндай тосын сыйды күтпеген балалар, сауапты іс жасаған жандарға алғыстарын жаудырды.

Валентина Ковалева, 18 жаста:

Біздің аудан әкіміне рақмет. Бізді шаңырақ астында бәріміздің басымыз қосылып өмір сүруге мүмкіндік бергені үшін. Біз отбасында бес баламыз. Тату-тәтті өмір сүреміз. Екі жылдай пәтерден-пәтерге көшіп жүрдік.

Юлианна Ковалева, 12 жаста:

Үй алып бергендеріңізге рақмет. Енді біз бау-бақша саламыз, тауықтар асыраймыз. Үйіміз өте жылы. Жаңа жылды жаңа үйімізде бәріміз бірге қарсы аламыз.

Біздің арна арқылы уәде берген аудан әкімі, алғашқы бетте жомарт жандардың басын жиып, мәселені талқыға салған.  Кәсіпкерлер де әкімнің ұсынысын жылы қабылдап, көмек қолдарын созды.

Марат Ақтаев, Май ауданының әкімі:

Мені қолдаған демеушілерімізге алғысым шексіз. Түсініп, өзім де қосылып, яғни бәріміз. Өздеріңіз білесіздер, біз қазақ халқы ешқашан жетімді жылатпаған, әрқашан қол үшін берген халықпыз. Осындай жомарт жандар бүгінде бар екеніне өзіміздің көзіміз жетіп отыр.

Бес баланы қуантқан жомарт кәсіпкерлер есімін құпия қалдыруды жөн санаған. Әйтсе де, ақжүрек жандарға қарап өзге де қалтасы қалың азаматтар үлгі алса деген ниетпен сөзге тарттық.  

Жасқайрат Нұров, кәсіпкер:

Міне бүгінгі күні осындай үй алып беріп жатырмыз. Болашақта да бұндай шараларға қатысамыз. Одан біз кем болмаймыз.

Жастайынан жетім қалып, тағдырдың теперішін көргендердің саны бұл қоғамда кемімей тұр. Бірақ, біз халқы жетімін жылатпаған халықпыз. Бұндай игі істер жалғасын тапса құба-құп.


 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
11:17, 12 тамыз 2020
КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
Толығырақ...