ШҰҒЫЛ! АЛТЫ ЖАСТАН МЕКТЕПКЕ БАРУ МІНДЕТТЕЛЕДІ Толығырақ

ЕКІБАСТҰЗДА БИЫЛ 45 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ

15:49, 9 ақпан 2019

Екібастұзда биыл 45 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. Оның 11 260 шаршы метрі жеке тұрғын үй құрылысына тиесілі. Бұл туралы облыс әкімінің кеншілер шаһарында өткен есептік кездесуінде айтылды.

Екібастұзда жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге 23-шағын ауданнан орындар қарастырылған. Оған қоса қаланың 207-208 мөлтек аудандары да үй салуға  бөлініп отыр.

РҮСТЕМ РАЙЫСОВ – ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Мұндағы 2 бөлік коммуникациялық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген. Мемлекет бұлардың су және электр желілерін және ішкі кәріз жүйелерін  1 шілдеден бастап қаржыландыратын болады. Бұл үшін 23-шағын ауданнан 889 участок бөлінген.

Екібастұзда  биылғы жылы 889 аумаққа жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге жерлер бөлінді. Бұларға қажетті  инфрақұрылымдық желілер тартылмақ.

БОЛАТ БАҚАУОВ -  ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Сіз ақпан-наурыз айларында жер учаскелерін бөліп беруіңіз керек. Содан бірден жер иесінен үй салуға мүмкіндігі бар ма, жоқ па соны білуіңіз тиіс.  Сондықтан, ол  бұл аумаққа 2 жылда үй құрылысын жүргізбесе, онда оны жер кезегінде тұрған адамға беру керек!

Аталған мәселе бойынша аймақ басшысы тиісті сала басшыларына  нақты тапсырмалар жүктеді. Өйткені, жырты жылдыққа дейін бұл түйткілден нәтиже шығару керектігін де қадап айтты.

 

Өзгеріс ҚУАНАР, Мурат АБИЛМАЖИТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАРДА ҚАЙДАРОВ ҚАЖЫКЕН ҚАБЫШҰЛЫНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ
11:44, 19 ақпан 2019
ПАВЛОДАРДА ҚАЙДАРОВ ҚАЖЫКЕН ҚАБЫШҰЛЫНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР  6-ЖАСТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ
19:16, 15 ақпан 2019
1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР 6-ЖАСТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
БІРҚАТАР ӨҢІРДІҢ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА БАСШЫЛАРЫ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МҰҚТАЖ АЗАМАТТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН ҚОСЫМША ҚАРЖЫ ТАПТЫ
18:37, 15 ақпан 2019
БІРҚАТАР ӨҢІРДІҢ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА БАСШЫЛАР...
Толығырақ...