ШҰҒЫЛ! БІР АДАМҒА ЕКІ РЕТ ЖҮРЕК САЛЫНДЫ Толығырақ

ПАВЛОДАРДА БАТЫР ҰЛАНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛ АШЫЛДЫ

12:43, 16 мамыр 2018

Павлодарда қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция және қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлеріне арналған мемориал ашылды. Ескерткіш АП- 162,2 түзеу мекемесі алдына орнатылды. Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмыр кешкен батыр ұландар біздің жадымызда мәңгі сақталады. Олардың өмір жолы-кейінгі ұрпаққа үлгі-деді шараға қатысқан әскерилер мен ішкі істер органдарының өкілдері.

Мәрмәр тастан қашалған тақтада 21 мен 35 жас аралығындағы тоғыз азаматтың суреті тұр.  Олар Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар облыстарының тумалары. Бәрі де бейбіт өмірде қаза тапты. Соңғы демі қалғанша ел тыныштығын қорғау үшін мерт болғандардың бірі-Бауыржан Нұрмұханбетов. Полицияның арнайы батальон капитаны 2016 жылдың 18 шілдесі күні Алматыда болған терактіде оққа ұшты. Марқұмның артында зайыбы мен қызы қалды.

МӘЛІК НҰРМҰХАНБЕТОВ полиция капитаны Бауыржан Нұрмұханбетовтың әкесі 

Алматыда қайтыс болсада Павлодарға ескерткішін қойып жатқанына үлкен рахмет. Жастарға өнеге болсын. Мұндай жаманшылықты ешкімге тілемейміз. Баламызды дұрыс тәрбиелеп, оның үмітімзді ақтағаны үшін қуанамыз.     

Бұл азаматтардың өлімі барша жұртты жылатты. Мәселен, училищедегі оқуын енді тәмәмдаған әділет лейтенанты Көкшетаулық Ольга Васильевская 21 жасында қаза тапты Ол колонияда бақылау отрядының командирі болған. Талай жылдар бойы тар қамақта отырып әккіленген қылмыскер бейкүнә жасты пышақтап өлтірді.

БАҚТЫГҮЛ БАДАШЕВА АП-162,2 түзеу мекемесінің кадр жұмысы тобының аға инспекторы

Жаңа келген қызметкерлер бұл жайлы, бұл оқиға жайлы көбі біле бермейді. Соларға үлгі болсын, болашаққа тәрбие болсын деген мақсатта осы қызметкерлердің еңбектері, өздерінің жанын қиған ерліктері өсіп келе жатқан тәуелсіз ұрпаққа үлгі болсын деген мақсатпен, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз, қолымыздан шама келгенше отбасыларына көмектесіп жатыр ішкі істер министрлігі.   

Ерлік ұрпаққа ұран. Бұл азаматтардың есімдері құқық қорғау саласы тарихында алтын әріппен жазылады.

Болат АМАНБАЕВ 

Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары, 

Тақырып бойынша материалдар

«ЕКІ ҒАСЫР – ЕКІ ТҰЛҒА» АТТЫ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ
21:03, 10 тамыз 2018
«ЕКІ ҒАСЫР – ЕКІ ТҰЛҒА» АТТЫ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ
Толығырақ...
АҚТОҒАЙДА «ЗАМАНАНЫҢ БҰЛБҰЛЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ
20:47, 10 тамыз 2018
АҚТОҒАЙДА «ЗАМАНАНЫҢ БҰЛБҰЛЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ Ө...
Толығырақ...
ҚАМЗИН КӨШЕСІ 92 ҮЙДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ  ЖЕР АСТЫ СУЫНАН ЖАПА ШЕГУДЕ
20:09, 10 тамыз 2018
ҚАМЗИН КӨШЕСІ 92 ҮЙДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖЕР АСТЫ СУЫНАН ЖАПА ШЕГУ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«SMART-PAVLODAR» ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚОСЫМШАСЫНДА «ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ» БӨЛІМІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:52, 10 тамыз 2018
«SMART-PAVLODAR» ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚОСЫМШАСЫНДА «ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ...
Толығырақ...
ҚАШЫР ЖӘНЕ ЛЕБЯЖІ АУДАНДАРЫНЫҢ АТАУЫ ӨЗГЕРТІЛДІ
20:52, 7 тамыз 2018
ҚАШЫР ЖӘНЕ ЛЕБЯЖІ АУДАНДАРЫНЫҢ АТАУЫ ӨЗГЕРТІЛДІ
Толығырақ...
«АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ ТҰРҒЫН ҮЙ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ
21:20, 7 тамыз 2018
«АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ...
Толығырақ...