ШҰҒЫЛ! АЛТЫ ЖАСТАН МЕКТЕПКЕ БАРУ МІНДЕТТЕЛЕДІ Толығырақ

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

10:56, 8 ақпан 2019

Екібастұз қаласында биылғы жылы 15 млрд теңге болатын 2 бірдей үлкен жоба іске асатын болады. Оның бірі «Богатырь» көмір кенішінде іске қосылмақ. Осы және өзге де тың жобалар шаһар әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде айтылды.

Есептік кездесуде қала әкіміне 24 сұрақ қойылды.  Тұрғындардың көпшілігін экология, көшелерге жарық тарту, дәрігерлердің жетіспеушілігі сынды өзекті мәселелертолғандырады. Мәселен,  ескірген жылу құбырлары мен су жүйесін  жаңарту өзекті. Аталған түйткіл бойынша 8 жоба сараптамадан өткен. Ал ауыл шаруашылығы саласында ілгерлеушілік байқалады.

НҰРЖАН ӘШІМБЕТОВ – ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Өсімдік шаруашылығында дәнді дақылдарды егу көлемі 6%, картоп 8%, көкеніс пен бақша өнімдері 18 % артқан.

Жиында өткен жылдағы жұмыстарға қорытынды жасаған аймақ басшысы Екібастұзда шағын және орта бизнес көлемінің 3% артқандығын хабарлады. Ал керісінше, шаһардағы өндіріс ошақтарында өнім шығару көлемі төмендеген. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес нысандарының 20 пайызы жұмыс істемейді.

БОЛАТ БАҚАУОВ – ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Елбасымыз моноқалаларды дамытуға, орта және ұзақ мерзімге бағдарламаны іске асыруды тапсырған болатын. Көп жұмыс жасалды. 5-6 жылдың ішінде. Бүгінгі таңда Екібастұз қаласында осы бағдарлама нәтижелі іске асуда.

Жиын соңында Болат Бақауов Екібастұзды инвестиция тарту да таптырмас аймақ екендігін атап өтті. Айта кетейік, кеншілер шаһары еліміздегі ең арзан энергия көзін өндіретін қала. Сондықтан, тау-кен өндірісін одан әрі дамытуға үлкен мүмкіндіктер жасалмақ.

 

Өзгеріс ҚУАНАР

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАРДА ҚАЙДАРОВ ҚАЖЫКЕН ҚАБЫШҰЛЫНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ
11:44, 19 ақпан 2019
ПАВЛОДАРДА ҚАЙДАРОВ ҚАЖЫКЕН ҚАБЫШҰЛЫНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР  6-ЖАСТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ
19:16, 15 ақпан 2019
1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР 6-ЖАСТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
БІРҚАТАР ӨҢІРДІҢ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА БАСШЫЛАРЫ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МҰҚТАЖ АЗАМАТТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН ҚОСЫМША ҚАРЖЫ ТАПТЫ
18:37, 15 ақпан 2019
БІРҚАТАР ӨҢІРДІҢ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА БАСШЫЛАР...
Толығырақ...