ШҰҒЫЛ! АЛТЫ ЖАСТАН МЕКТЕПКЕ БАРУ МІНДЕТТЕЛЕДІ Толығырақ

«ЕКІ ҒАСЫР – ЕКІ ТҰЛҒА» АТТЫ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

21:03, 10 тамыз 2018

Қазақ музыка өнерінде есімдері алтын әріппен жазылған композиторлардың шығармашылығын дәріптеу мақсатында «Екі ғасыр- екі тұлға» атты фестиваль өтті. Шараның өтуіне жастар бастамаларын дамыту орталығы мұрындық болып отыр.

Фестиваль аясында жиырмасыншы ғасырда соңынан өшпес мұра қалдырған қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқов пен есімі әлемге әйгілі қазақ музыка өнерінің майталманы Батырхан Шүкеновтың әндері шырқалды. Басты мақсат: жүз жылда бір туатын өнер тарландарының шығармашылығын жастар арасында кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақтың әнге деген қызығушылығын арттыру. Екі кезеңнен тұратын шараның бірінші бөлімі танымал тұлғалардың шығармашылығына  арналған.

ТОЛҚЫН ӘБІШЕВА, жастар бастамаларын дамыту орталығының инспекторы

Себебі  Қазақстанда ғана емес, Ресей еліне танымал. Осы адамдарды еске алу ретінде осындай кешті ұйымдастырып отырмыз. Яғни, бұл іс шара жалғасын табады деп ойлаймыз. Тағы да басқа композиторлардың, сонымен қатар басқа да ұлы тұлғаларға арналған кештер жасаймыз деген ойдамын. 

Фестиваль барысында «Замандастар» ардагерлер клубының мүшелері ел арасында кеңінен танылған «Арыс жағасында», «Ақ бантик» сынды ескі, есті әндерді көрермен назарына ұсынды. Ал жастар атынан құрылған топ Батырхан Шүкеновтың «Джулия», «Твои шаги» сияқты танымал туындыларын тарту етті. Сонымен қатар жиналған қауым би билеп, ойын ойнап, жүргізушілермен бірге ән де шырқады.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАРДА ҚАЙДАРОВ ҚАЖЫКЕН ҚАБЫШҰЛЫНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ
11:44, 19 ақпан 2019
ПАВЛОДАРДА ҚАЙДАРОВ ҚАЖЫКЕН ҚАБЫШҰЛЫНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР  6-ЖАСТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ
19:16, 15 ақпан 2019
1-СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАР 6-ЖАСТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
БІРҚАТАР ӨҢІРДІҢ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА БАСШЫЛАРЫ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МҰҚТАЖ АЗАМАТТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН ҚОСЫМША ҚАРЖЫ ТАПТЫ
18:37, 15 ақпан 2019
БІРҚАТАР ӨҢІРДІҢ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА БАСШЫЛАР...
Толығырақ...