ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК РАДИО КҮНІ

11:18, 14 ақпан 2020

Бүгін Дүниежүзілік радио күні. Осыдан 67 жыл бұрын дәл осы күні «Біріккен ұлттар ұйымының радиосы» эфирге алғаш рет шықты. Қазақстанда радио 1921 жылдың қыркүйек айынан бастап өз жұмысын бастады. Ол - "Қазақ" радиосы болатын. Ал, Ертіс-Баян өңіріндегі облыстық радио 1938 жылы эфирге қосылды.

Таза дауыс. Жағымды үн. Нақтылық. Осындай қасиеттер радио журналисттің бойынан табылуы тиіс. Өзге электронды және баспасөз бұқаралық ақпарат құралдарына қарағанда радиода ақпараттың шұғыл берілуі талап.

Бекболат Сауырбайұлы, «HALYQ RADIOSY» қызметкері:

Радио әрқашан жасай береді және ең жылдам ақпарат құралдарының бірі. Мысалы, бір жерде қандай да бір оқиға болды дейтін болсақ, сол оқиғаны жеткізуге біздің мүмкіндігіміз өте жоғары. Қазір заман дамыған, ватсап желісі арқылы да жібере салуымызға болады. Телевидение сияқты келіп, сюжеттерді дайындап жатпайсыз бізде. Тез текстіңізді жазып, сөйлеген спикердің дауысын лезде жіберуге мүмкіндігіміз бар. Сондықтан, радио өте жылдам ақпарат құралдарының бірі деп айтуға негіз бар.

Шаһарымызда орналасқан халық радиосы аймақты радиохабарлармен кеңінен қамтып отырған өңірдегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының бірі. Облыс тұрғындарының 90 пайыздан астамы радиомызды тыңдау мүмкіндігіне ие. Тәулік бойы үзіліссіз және демалыссыз қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда әр түрлі тақырыптарды қамтыған екі тілдегі отыздан аса түрлі радиобағдарлама әзірленеді.

Гүлайым Тасова, «HALYQ RADIOSY» қызметкері:

Радиода жұмыс атқару үшін жақсы дикция мен жағымды дауыс тембрі ғана болмауы керек. Сондай-ақ, жылдамдық, әдептілік, сұхбаттасушымен ортақ тіл таба білу қабілеті радио жүргізушісі үшін де өте маңызды. Журналист - бұл ең алдымен үкімет пен халық арасындағы диалогтың байланыстырушы буыны. Сондықтан, біздің салада кез-келген ақпарат ең алдымен сенімді және уақтылы болуы керек.

Аталмыш мекемеде қазіргі таңда 30-дан астам қызметкер еңбек етеді. Олардың барлығының мақсат мүддесі бір. Жаңа заман тынысына сай өзгерістерді ақпараттық қолдаудың бірегей орталығы болып қалу.

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
10:23, 25 мамыр 2020
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
Толығырақ...
АУЫЛ ҰСТАЗДАРЫНА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРЕДІ
10:36, 28 мамыр 2020
АУЫЛ ҰСТАЗДАРЫНА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...