ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ДОНОРЛАР КҮНІ

21:41, 14 маусым 2019

14- маусым дүниежүзілік донорлар күні. Донорлар адам өмірін сақтап қалуға үлкен үлес қосады. Облысымыызың қан орталығында әдеттегідей донорларға алғыс білдіріліп, ерікті тұрғындар қан тапсыруға арналған акцияға қатысты.

Әрбір үшінші адам өз өміріңде өзге біреудің қанына мұқтаж болады. Қан ауруына, онкологиялық дертке шалдығатын адамдар саны соңғы кезде көбейіп барады. Сол себепті донорлардың көмегіне көп адамдар зәру мұқтаж. Жалпы, қан тапсырған адамның қан айналымы мен иммундық жүйесі жақсарып, түрлі ауруларға сирек шалдығатын болады.

Мүслім солтанов, облыстық қан орталығының директоры:

Ежедневно наш центр. Күн сайын орталыққа қан тапсыруға 100-ден аса адам келеді. Міндетті түрде медициналық тексерістен өтеді. Адамдардың басқа адамдар өмірін арашалап қалуға септіктерін тигізетініне мен үлкен алғыс білдіремін. Біздің орталық 20ға жуық ауруханалар мен медициналық орталықтарындағы науқастардың денсаулығын жақсартуға сеп.

Аяулым Рахимжанова, тілші:

Дені сау адам үшін 450,0 мл көлемінде қан тапсыру физиологиялық жағынан еш қауіпсіз, қалыпты жағдай. Жасы 18-ден асқан, медициналық көрсеткіші нітижелі кез келген азамат донор бола алады. Ерлер жылына 6 рет, әйелдер 4 рет қан тапсыруға мүмкіндіктері бар. Қан тапсыру арқылы біз көптеген науқастарға өмір сүру мүмкіндігін береміз.

Алдияр Болатов,  донор:

Өзімнің септігімді тигізгім келіп отыр. Жиналған қауымға қуаныштымын.Өзім жалпы жылда қан тапсыруға келемін. Көптеген науқастар бар. Олар қандай да бір көмекке зәру. Сол себепті мыңда келген адамдар өзінің бір адамға болсын септігін тигізуге келіп отыр.

Сонымен қатар елімізде ақылы донорлық қызметке рұқсат етілген. Бірақ ақылы немесе өз еркімен қан тапсыратын жандар толықтай тексеруден өтеді. Донор мен науқастың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қан орталығында дәрігерлер тексеріс жүргізеді.

Сара Сыздықова, облыстық қан орталығы директорының орынбасары:

Павлодар облысында көбінесе жастарбелсенді түрде өз қалауларымен донор атанады. Иммунитеті төмен адамдар, жақын арада ішімдік қабылдаса немесе шет елдерде демалып келген адамдар да уақытша донор бола алмайды. Барлығы өте қатал түрде қадағаланады. Сондай-ақ біз оқу мекемелеріне барып, донор атанғысы келетін жасөспірімдерге кеңес жүргіземіз.

Мейірімді әрекеті арқылы талай жанның өмірін құтқарған азаматтар,  денсаулықтарын бақылауда ұстап, жиі қан тапсырады. Шара барысында облысымыздың ең үздік донорлары марапатталды.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар